Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 31    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар   
25 Қаңтар, 2012 11:14 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Үкіметтегі ауыс-түйіс аяқталды


Енді бұрынғы басшысымен қайта жаңарған Үкімет әлемді алаңдатып отырған қаржылық дағдарыспен күреске дайындалмақ. Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов өзінің үш орынбасары Қайрат Келімбетов пен Серік Ахметовтің және Ербол Орынбаевтың атқаратын міндеттерін бөліп берді.

Бірінші вице-премьер Серік Ахметов экономика, аймақтық саясат, индустриялды-инновациялық даму барысын басқаратын болады. Ал Қайрат Келімбетовке макроэкномикалық және бюджет саясатына жетекшілік ету,мемлекет активтерін басқару, қаржы, салық, кеден саласы, жекеменшік сектор мәселелері міндеттелді. Ал Ербол Орынбаев білім, ғылым, әлеуметтік мәселелер, мәдениет пен спорт саласына жауап бермек. Жаңадан жасақталған Үкіметтің алғашқы отырыс жарты сағатқа ғана созылды. Отырыс соңында Кәрім Мәсімов Үкімет барлық күш-жігерін ел экономикасының дамуына, әлемді алаңдатып отырған дағдарысқа төтеп беруге жұмсайтын болады деді.

КӘРІМ МӘСІМОВ - ҚР ҮБ
- Өткен жылы 2015 жылға дейін экономиканың жыл сайынғы өсуін жеті пайызға жеткізу туралы жоспар бекітілген болатын. Бүгін біз әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың тағы бір кезеңі алдында тұрмыз. Еуропалық елдердің қаржы секторындағы тұрақсыздығына тәуелдіміз. Алайда бұл қиындыққа қарамастан біз өз жоспарымызды жүзеге асыруға міндеттіміз.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5254 & 14 Сұрау