|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
23.02 (11:41) "Атамекен Одағы" ұлттық экономикалық палатасының съезі басталды 23.02 (11:38) «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік гранты 23.02 (08:08) 23 ақпан 21.02 (11:22) Ұрлық түбі қорлық 21.02 (11:20) «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір жылдық қортындысы |
|
Орта білім жүйесіне батыстық жаңашылдықТұңғыш рет «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен Кембридж университетінің тәлімгерлері Қазақстанға келіп, біздің ұстаздарымызға семинар-тренинг өткізіп жатыр. Онда орта білім берудің жаңа қырлары, бала логикасын дамытудың басты мәселелері туралы кеңестер айтылуда. Осылайша біліктілігін арттыруға еліміздің барлық аймағынан елордаға 300 педагог жиналды. Кембридж университетінен 10 тренер келіп сабақ беруде. ЭЛЕЙН УИЛСОН - КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТРЕНЕРІ - Мен 30 тыңдаушымен жұмыс істеп жатырмын. Олар қазақстанның әр аймағынан келген мұғалімдер. Олар баланы оқытуда жаңашылдық енгізуге үлкен қызығушылық танытып отыр. Біз әртүрлі тақырыптарға қызу пікір-таластар өткізіп жатырмыз. Әзірге 4-і күн ғана болды жұмыс істеп жатқанымызға. Оқыту бағдарламасы екі аптаға белгіленген. Тренерлік курстардың басым бағыттары 7 модульмен белгіленген. Баланы оқытудағы жаңа тәсіл, сыни ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау, ақпараттық технологияларды пайдалану, дарынды балаларды оқыту, оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, оқытуды басқару. Қазақстандық педагогтар қауымы ағылшындардың орта білім берудегі жүйесін өзімізге енгізген жөн деп отыр. Себебі қазақстандық білім беру жүйесі әлі күнге дейін кеңес дәуірінің білім беру жүйесінен арыла алмай отыр. АЙДАРБЕК АЙТБӨКЕШЕВ - БҚО ПЕДАГОГ КАДРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЗӘМЗӘГҮЛ ОРАЗАЕВА - ПАУЛАДАР ОБЛЫСТЫҚ ПЕДАГОГ КАДРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-БАСПА КАБИНЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ Аталмыш тренерлік курстар ақпан айының 4-і не дейін жалғаспақ. Осы жерден алған біліктілігін педагогтар өз аймақтарына барып, сол жердегі мектеп мұғалімдерімен бөліспек. Бас-аяғы 120 мың мектеп мұғалімі біліктілігін арттыруы керек. Енді Кембридж университетінің тренерлері бес жыл сайын қазақстанға келіп, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырып отыратын болады. Последние новости рубрики
23.02 (11:38) «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік гранты
21.02 (11:22) Ұрлық түбі қорлық 21.02 (11:20) «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір жылдық қортындысы 20.02 (14:05) Заң жобаларының қазақ тіліндегі аудармасы сын көтермейді 20.02 (13:56) Қазақстанда жеке меншік иелері туралы деректер қайта тексеріледі 20.02 (13:52) Өтірік өрге жүргізбес 17.02 (11:40) Мүгедектер жарысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||