Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 49    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 2 Дауыстар   
27 Қаңтар, 2012 11:36 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

Түрмеден босап шыққандарды қоғамға бейімдеу


Елімізде жазасын өтеуден босатылғандарды қоғамда өз орнын табуға бейімдейтін орталықтар жұмыс істемей отыр. Осының салдарынан бүгінде Қазақстанның түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың 49 пайызы қайта сотталғандарды құраса, 63 пайызы жазасын қайта өтеуде.

Бұл проблеманы шешу үшін Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігі Норвегия елшілігімен бірлесіп, « Азаматтық қоғам мен мемлекеттің біріккен күшімен жазасын өтеуден босатылатын адамдарды қайта әлеуметтік бейімдеу мен олардың құқықтарын қорғау» жобасын ұсынып отыр. Толығырақ осы мәселеге арналған баспасөз маслихатынан әзірленген бейнематериалда.
Өткен жылдың қаңтарынан бастап жазасын өтеп шыққандарды қайта оңалту орталықтары Қылмыстық атқару жүйесінен жергілікті әкімдіктерге өткен болатын. Алайда бұл шешім бұрынғы сотталғандардың қоғамда орнын табуға кері әсерін тигізіп отыр дейді Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігінің мүшелері. Пауладар, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орнасалқан үш оңтайландыру орталықтарының бүгінде тек біреуі ғана жұмыс істеп жатыр дейді. Ол Шымкент қаласында.

ДАГ МАЛМЕР ХАЛВОРСЕН - НОРВЕГИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ
- Бүгінде Қазақстанның түзеу мекмелеріндегі сотталғандардың 49 пайызы қайта сотталғандар болса, 63 пайызы жазасын қайта өтеуде.Мұндай адамдардың абақтыларға қайта түсуі олардың азаматтық қоғамда орнын таба аламй, бейімделе алмағандығы. Сондықтан норвегия жағы бұл мәселені шешуде көмегін білдіруге дайын.

Жобаны ұсынушылар әкімдіктер түзеу мекемелерінен босатылғандарды бейімдеу мәселесін аяқсыз қалдырып отырғандықтан, оны дамыту жолдарын ұсынады. Яғни әкімдіктермен сотталып келгендерді бейімдеу, қазақстанның бұл салаға арналған заңнамасын халықаралық стандартқа сай етіп шығару, оларды жұмысқа тұрғызу мәселесінде қолдау жасау шаралары қарастырылмақ.

АЗАМАТ ШАМБИЛОВ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖОБА КООРДИНАТОРЫ
Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігі ұсынып отырған жоба екі жылға арналған. Жобаны қаржыландырып отырған аталмыш ұйым 240 мың ҚШ долларын бөлген. Бүгінде тек мемлекеттік емес ұйымдар, әртүрлі діни ұйымдар ғана мұндай азаматтарға көмек қолын созып отыр. 7 рет сотталып, 20 жыл темір тордың арғы жағында отырып шыққан Александр Шараповтың айтуынша, мұндай қолдау қажет-ақ.

АЛЕКСАНДР ШАРАПОВ БҰРЫНҒЫ СОТТАЛҒАН
- 1 жыл бұрын босап шықтым. Бостандыққа шығар алдында маған оысндай жекеменшік оңтайландыру ұйымынан ұсыныс түсті. Мен келдім. Маған қол ұшын бергендер үміт сыйлады. Қазір мен жұмыс ісейемін. Қоғамға қажет екенімді сезіндім. Бұрын босап шыққанымда жұмыс таба алмай, тұрақтылық мекен жайым болмаған соң проблемамды шеше алмаған едім.

2010 жылы еліміздің түзеу мекемелерінен 18 898 , ал 2011 жылы 15 185 адам жазасын өтеп шықты. Cондай-ақ 2010 жылы жазасын өтеп шыққандардың 600-і туберкулезбен ауырғандар болса, оның 231- і емханаға есепке тұрмаған.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.682 & 14 Сұрау