|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
18.05 (12:57) Сағындым сені 18.05 (12:37) Елімізде ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілік артып отыр 18.05 (09:49) 18 мамыр 17.05 (15:22) Ұлттық біріңғай тесті өткізуге дайындық 17.05 (15:10) Заңсыз шлагбаумдар |
|
"Атамекен Одағы" ұлттық экономикалық палатасының съезі басталдыАтамекен Одағы қабылдаған жаңа жарғы салық, кеден заңнамасын жетілдіруге, кәсіпқой-техникалық білімді дамытуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға арналып отыр. Атамекен Одағының съезі екі жылда бір өтеді. Бүгінгі жиылысты бизнес қауымдастығы патроиттық сезіммен бастады. Интершум Палата атқарған жұмыс нәтижесінде қолданыстағы заңдарға 60 түзету енгізілді. 1700 сараптама жасалды. Кәсіпкерлік субьектілерінен 335 үндеу қабылданып, оның 60 пайызы мемлекеттік органдарға жолданды. Дегенмен мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара ынтамқтастығында әлі де шешімін таппаған кедергілер орын алып отыр. АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ - «АТАМЕКЕН ОДАҒЫ» ҚҰЭП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - Мемлекеттік органдарға жолданған кәсіпкерлердің үндеулерінің 60 пайызының 3-і пайызы бойынша ғана нақты шешім қабылданды. Ал 30 пайызы құр қағазбасты құрғақ хаттармен жабылып отыр. Дегенмен кейбір мемлекетітк органдар бизнесті қолдауға қарсы емес. Қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин палата мүшлерінің назын бөліседі. ДӘУЛЕТ ЕРҒОЖИН - ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ - Біз салықтық есеп беруді 35 пайызға қысқартуға дайныбыз. Бұл Қазақстанның бизнес кеңістігін дамытуға жол береді. "Атамекен Одағы" қабылдаған жарғы аясында мемлекеттік сектор мен тексерулерді жеңілдету, оның санын азайту жоспарланып отыр. Бүгінде бизнесмендерге лицензия беру - мемлекеттік органдармен 7 кодекспен, 125 заңмен тексеріледі екен. Палата мүшелері: "бұл әрине бизнесті дамыту үшін көп кедергі келтірері сөзсіз"деген ойда. Тағы бір мәселе - қосымша қаржыландыру проблемасы. Бизнес қауымдастығы Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті дамытуға қажетті қаражатты аламыз деген үмітте. АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ - «АТАМЕКЕН ОДАҒЫ» ҚҰЭП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - Елбасы жолдауында Үкіметке ұлттық қордан ақша бөліп, оны жұмыспен қамтуға, өндірісті дамытуға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағыттау туралы тапсырма бергенді. Қазірде біз Үкіметке ұлттық қордан қандай да бір қаржы бизнес секторға да бөлінсе деген ұсыныс жасамақпыз. Съезд соңында журналистремен баспасөз маслихаты болды. Онда Палата Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев "бизнесмендердің саясаттан гөрі, өз ісімен айналысқаны жөн" деген пікірімен бөлісті. ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ – «АТАМЕКЕН ОДАҒЫ» ҚҰЭП ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ -Бізде саяси үдеріс дамып келеді, және ол бір орнында тұрмайтынын көріп отырмыз. Мен біздің бизнесмендердің арасында еліміздің саяси өміріне араласқысы келетіндер де бар екенін жоққа шығармаймын. Нақтырақ айтсақ, бизнесмендер біздің елдің белсенді бөлігі, олар жауапкершілік алуға дайын. Қызметтің екі түрімен айналысуға болмайды деп ойлаймын. Бұл 2 мәселені біріктіру тиімсіз, біреуімен толыққанды айналысу керек. Дегенмен Тимур Құлыбаев "қайтсемде саясаткер болам" деушілерге - "оларға сәттілік тілеймін" - деді. Последние новости рубрики
16.05 (12:35) Қазақстанда іскерлікпен айналысу оңайлатылады
15.05 (12:47) Қазақстанның сыртқы қарызы 123,8 млрд. АҚШ долларын құрады 07.05 (12:28) Қазақстанға Венгриялық инвестиция 04.04 (15:07) Биылғы астық түсімі қалай болмақ? 03.04 (17:46) Еліміздің статистика агенттігі экономиканың айнасы бола алмай отыр 30.03 (14:06) Қазақстан мен ДСҰ. Екі мәселе 28.03 (11:30) Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына келесі жылдың ортасында кіруі мүмкін |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||