|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
11 сәуір1919 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы құрылды. Алғашқыда аталмыш ұйым Ұлттар Лигасының қанатының астында болатын. Бүгінде Халықаралық Еңбек Ұйымына 150 шақты мемлекет мүше. Ұйымның мақсаты – еңбек шарттарын бақылап, еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Халықаралық Еңбек Ұйымы 1944 жылы қабылданған Филадельфий декларациясының негізінде жұмыс істейді. Декларацияда еңбек – тауар емес, адамдар сеніміне, жынысына, нәсіліне қарамастан материалдық жағынан және рухани дамуға құқығы бар деп жазылған. Сондықтан ұйым еңбек шарттарын бақылап, еркектер мен әйелдердің тең дәрежеде кәсіби өсуін және ең төменгі жалақы мөлшерін анықтаумен айналысады. Сондай-ақ онда балалардың еңбегін қанаумен күресу және халықты кәсіби тұрғыда оқыту бағдарламалары да көзделген. Бүгін фашистік концлагерьлерден тұтқындарды босату күні. 1945 жылы Бухенвальд тұтқындары босатылған еді. Бухенвальд – ең қорқынышты өлім лагерьлерінің бірі. Аталмыш түрмеге түскен 240 мың тұтқынның 56 мыңы қаза болды. 1988 жылы Питерде, ол кезде Ленинград болатын, алғаш рет эфирге «Бесінші дөңгелек» атты бағдарлама шықты. Ленинградта қайта құру дәуірінде телеарналарда үлкен жаңалықтар болды. Аталмыш бағдарлама адамның ой-өрісін кеңейтуге, негізінен білімді аудиторияға арналған. 1755 жылы ағылшын дәрігері Джеймс Паркинсон дүниеге келді. 1817 жылы ол қалтырама сал ауруын сипаттап жазды. Бүгінде ол ауру Паркинсон ауруы деп те аталады. Сол кезден бастап Паркинсон ауруының сал ауруы емес екендігі дәлелденді. Аурудың негізгі белгілері - дірілдеп, қалтырау және қозғалыс-қимылдың баяулауы, тепе-теңдікті қалыпты ұстай алмау. Бұл белгілер әрбір емделушіден әртүрлі деңгейде байқалады. Джеймс Паркинсонның кезінде бұл аурудың емі болған жоқ, ал 1970 жылдардан бастап ауруды емдеуде ілгерілеушілік байқалды. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||