Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1522    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.80 Қайдан 10 Дауыстар   
13 Сәуір, 2006 17:43 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

Бала емдеу оңай ма?


2007 жылы еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында Педиатрия факультеттері жабылады. Жаңа жүйе бойынша ол Емдеу факультетіне ендірілмек. Сол себепті болашақ педиатрлардың оқу мерзімі 9 жылға дейін ұзартылады. Яғни олар жеті жыл жалпы медициналық практика жүйесі бойынша білім алса, соңғы екі жылда педиатрия мамандығын оқып үйренеді. Бұл жаңа өзгерістерге академик Камал Ормантаев түбегейлі қарсы.

2007 жылы еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында Педиатрия факультеттері жабылады. Жаңа жүйе бойынша ол Емдеу факультетіне ендірілмек. Сол себепті болашақ педиатрлардың оқу мерзімі 9 жылға дейін ұзартылады. Яғни олар жеті жыл жалпы медициналық практика жүйесі бойынша білім алса, соңғы екі жылда педиатрия мамандығын оқып үйренеді. Бұл жаңа өзгерістерге ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығының құрметті директоры Камал Ормантаев түбегейлі қарсы.

«Педиатрия факультетін қалдыру керек»
«Педиатрия факультетін қалдыру керек. Өйткені бұл өз алдына толыққанды бір мамандық» - дейді академик. Оның айтуынша бұл мамандықты 2-3 жылда оқып үйрену мүмкін емес. Дегенмен денсаулық сақтау министрлігі осы германдық әдісті дұрыс деп шешіп отырғаны белгілі. «Оның дұрыс емес жақтары көп» - дейді Камал Ормантаев – «жаңа жүйе бойынша студент ең кем дегенде 9 жыл оқиды. Ал тоғыз жылда екі оқу орнын бітіруге болады. Оның үстіне дәрігерлердің жалақысы аз. Енді сол 20 мың теңге жалақы үшін дәрігер 9 жыл оқуы керек пе?».
Педиатрия факультетін жабу мәселесі Ресейде де көтеріліп, ол үлкен пікір таластар тудырғаны белгілі. Жоғары деңгейде өткізілген талқылаулардан кейін мұнда аталмыш факультет қалдырылған. Камал Ормантаев осы ресейлік тәжірибені пайдалану керек деп санайды. «Айту бізге парыз» - дейді Камал аға – «тыңдай ма, тыңдамай ма енді өздері біледі. Мысалы ертең балалар көп өледі. Кім жауап береді? Министр бүгін бар терең жоқ».

«Бізбен ешкім ақылдасқан жоқ»
«Реформаға қарсы емеспіз. Реформа жүргізілу керек. Бірақ оны ақылдасып жасау керек қой. Ал бізбен ешкім дұрыстап ақылдасқан жоқ. Министрлік өзінің бағынышты адамдарын шақырып алады. Министр айтты. Олар көнді. Болды.
«Осылай реформа жасайын деп жатырмыз» дегенді әйтеуір бір жиналыста естідік. Ал енді оны талқылауымыз керек емес пе!? Әр түрлі пікірлер айтылуы тиіс. Содан кейін барып қана қабылдау керек. Сонша асығатындай жанып бара жатқан ештеңе жоқ қой».

«Министрді біз тағайындамаймыз»
Тағы да қайталап айтам. Министрді біз тағайындамаймыз. Орнынан босата алмаймыз. Министр білімді азамат. Медицина саласындағы мәселелерді шешуге тырысып-ақ жатыр. Таяуда біздің клиникада да болды. Дегенмен өзі дәрігер болмаған соң, денсаулық сақтау саласындағы реформаларды білікті мамандармен ақылдасып жүргізуі керек. Мысалы министрлікте бары-жоғы 3-4 ғылым докторы бар. Ал республика бойынша медицина саласы бойынша 340-400-ге жуық ғылым докторлары бар. Бұл бүкіл бір армия. Міне солардың басын қосып, талқылау керек еді.

"Білім сапасы төмен"
«Мен педагогика саласында 40 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келем. Екі рет декан болдым. Менің айтайын дегенім бізде елімізде қолында дипломы бар дәрігерлер өте көп. Көп шығарамыз. Бірақ сапасы төмен. Мысалы бір топта 7-8 бала оқиды. Олардың тек үш-төртеуі ғана сабаққа келеді, жақсы оқиды. Ал тең жартысы сабаққа келмейді. Содан «оқы» деп айтумен, ескертумен боламыз. Қорқытамыз да. Бірақ нәтиже жоқ. Оның үстіне туған-туыстары, таныстары араласады. Немесе «әкесі жоқ еді, шешесі жоқ еді» деп өзіміз бір курстан екінші курсқа өткіземіз. Содан жоғары курсқа келгенде «әй, бір курс қалды ғой үш қойып жібере салайық» - деп тағы өткіземіз. Бұл түбегейлі дұрыс емес. Қабылданатын талапкерлер санын азайту керек. Содан кейін үшінші курсқа дейін оқымайтын, дәрігер болып жарытпайтындардан арылу керек»

"Медицина ғылымы тоқырауда".
Медицина ғылымы бізде ақсап тұр. Кезінде жастар аспирантураға түсуге ұмтылатын. Ал қазір мен мұндалап тұрған ешкім жоқ. Өйткені 20 мың теңгеге кім барады? Қиналып кандидаттық қорғайды. Сондағы алатыны 20 мың теңге. Қазір барлық ғылыми-зерттеу институттарындағы қызметкерлердің жалақы алмағандарына жарты жыл болды!

"Жарлымыз"
Ауылдық жерлерде халықтың тұрмысы өте нашар. Халқымыздың жартысы нашар тұрады. Жарлымыз!! Халыққа көмек көрсету керек. Ауыл жылы өтті. Бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Мысалы учаскелік дәрігерлер болатын. Қазір олар жоқтың қасы. Ал ауылдан аудан орталығына дейін бірнеше ондаған шақырым. Оған жетем дегенше науқастың жайы не болады?

"От басылық дәрігерлер керек"
Бірақ елде тұратын адамдарға. Санын көбейтпей ғана дайындау керек. Ал ауданнан бастап үлкен қалаға дейін тек маманданған дәрігерлік қызмет жұмыс істеуі керек. Өйткені мұнда халық тығыз орналасқан. Жаңа туылған баладан қарт адамға дейін бір дәрігердің белгіленуі дұрыс емес. Барлық нәрсені білу мүмкін емес.

"Білім мен ғылым бір сала".
Кәсіби деңгей жоғары мамандарды дайындау үшін жоғары медициналық оқу орындарында «Университеттік клиникалар» болуы тиіс. Білім мен практика қатар жүруі керек. Бұл бізде әлі күнге дейін жоқ. Біз сол қалалық ауруханаларда отырамыз. Соларға тәуелдіміз. Онда бізді көңіл-күйіне қарай қарсы алады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6268 & 14 Сұрау