Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1819    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.44 Қайдан 16 Дауыстар   
29 Мам., 2006 13:02 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

Қазақстанда баспа ісі тоқырауда ма?


Статистикалық мәліметтерге сүйенесек, еліміздің кітап базарында отандық өнімдердің үлес салмағы 25-30 пайызды ғана құрайды екен. Бұған не себеп? Бұл тығырықтан қалай шығуға болады? Сайт тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына Қазақстанның халық жазушысы, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеев жауап берген еді.

Қазақстанда баспа ісі тоқырауда ма? Статистикалық мәліметтерге сүйенесек, еліміздің кітап базарында отандық өнімдердің үлес салмағы 25-30 пайызды ғана құрайды екен. Бұған не себеп? Бұл тығырықтан қалай шығуға болады? Жалпы бізде әдебиетке қатысты мәдениет қалыптасқан ба? Сайт тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына Қазақстанның халық жазушысы, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеев жауап берген еді.

«Кітап сауда ғана емес»
Қазір баспа ісі тоқырауда деп айтуға келмес. Тоқырау өткен ғасырдың 97-98-ші жылдарында болды. Баспаға қаржы түспеді. Баспагерлер не шығаратынын білмеді. Шығаратынын біледі, бірақ немен шығаратынын білмеді. Қаржы жағынан өте қиналдық. Қазір баспаға ақша бөлінеді. Мемлекет тарапынан жылына бір рет тендер өткізіледі. Белгілі мөлшерде әр баспаға ақша бөлінеді. Сол ақшаның көлемінде әр баспа кітап шығарады. Бірақ мұнымен мәселе шешілді деуге болмайды. Жаңағы тоқырау деген сөз келмесе де соншалықты дамып кеттік деп тағы мақтана алмаймыз. Мына біз шет елдердің озық үлгілерін көп пайдаланатын елміз. «Өй, Америкада үйтеді екен, біз де сөйтейік, ағылшындар бүйтеді екен, бізде сөйтейік» деп шығамыз. Еліктейтін халық едік, ал ресейге келгенде біз осы кітап шығару жөнінен солардың үлгісін алмадық. Ресей баспа, баспаханаларды жекешелендіруден өте жақсы өтті. Қазір бүкіл қазақстанның кітап базарында ресейдің өнімдері бірінші орында тұр. Өзіміздің төл өнімдеріміз көрінер-көрінбес қана. Бір пұшпағында, бұрышында ғана. Ресейдің баспа өнері, баспахана өнері әлемдік дәрежемен бірдей болып кетті. Бұл дұрыс жолға қоя білудің арқасында. Біз басынан дұрыс жолға қоя алмадық. Содан әлі қиналып келеміз, қиналып келеміз. Мына «Тендер» деген нәрсе бір қарағанда әділетті сияқты. Ол ақша бөлу жағынан әділетті екені рас. Бірақ жақсы шығармаларды, оқырманға керек шығармаларды басып шығару жағына келгенде бұл жауап бере алмайды. Тендер – бұл кәдімгі сауданың тәртібі. Ал кітап сауда ғана емес қой! Бұл саясат, бұл мәдениет, бұл әдебиет, бұл жан-жақты сала, идеологиялық сала! Оны апарып кәдімгі сауданың тауарына айналдырып жібердік. Тауарлық жағы бар бұның, жоқ деуге болмайды. Сол жағынан тендер дұрыс жауап береді. Ал бірақ автордың жазғысы келетін шығармасы сенің тендеріңе қарамайды ғой! Сенің тендерің өтіп кеткеннен кейін жақсы шығарма тууы мүмкін! Ал оны сен шығара алмайсың. Оны тендерден де өткізе алмайсың. Тек келесі жылы, бәлкім одан арғы жылдары болмаса. Енді, бізде баспа көп дейді. Тендердің өзіне қазір 50-ден астам баспа қатысады. Жиырма-отыз шақты шығарма ұсынасың тендерге. Ал ол саған 10-ақ шығарма береді. Сонда көп шығармалар жылдан жылға өтпей, ескіреді! Көрдіңіз бе! Оқырманға дер кезінде тимейді! Мұның өзі үлкен зиян. Авторға да зиян. Ол анау шығарған дүниесіне дер кезінде ақша алғысы келеді. Сол ақшаны өзінің жаңа бір туындысына қолданғысы келеді. Өкінішке қарай бұл олай емес. Сондықтан мына кітабын шығарып болғаннан кейін авторда моральдық жағынан реніш пайда болады. Өйткені жазған дүниесін іліп әкетпейді!

«Бұл қай жекешелендіру?»
Мен оны түсінбеймін. Бізде жекешелендіру кеш, 98-ші жылдан бастап жүрді. Оған дейін «баспа орындары жекешеленбейді» деп келген. Кейін қаурыт түрде жекшелене бастады. Біз тендерге алғашында үш баспа ғана түскенбіз, 98-ші жылдары. Содан көбейді де кетті. Оның үстіне біз жекешеленген кезде ешқайсымызда баспахана болмады. Тек баспа деген атын ғана жекешелендірдік. Баспа үйімізде жоқ болды, түгіміз жоқ! Бұл енді қандай жекешелендіру болғанын түсіну қиын. Ал Ресейде олай болған жоқ. Онда баспаларға тұратын үйін қоса жекешелендіріп берді. Баспаханалары да бар. Бізде олай болмады. Біз кейін, осы үш-төрт жыл бұрын ғана мына Мұхтар Құл-Мұхамед министр болған кезде баспанаға ие болық, Арада қанша жыл қиыншылық көрдік. Ал баспаханамыз әлі күнге дейін жоқ. Ортақ баспахана бар. Сол, тапсырыс беру арқылы қарым-қатынас жасаймыз. Бізде не үшін ресейлік үлгі қолданылмағанан түсінбеймін.

«Жалынның» бүгіні
Мысалы мен жылына он кітап шығарамын. «Жалын» деген баспа бұл республикалық баспа болатұғын. Жастар мен жасөспірімдерге және балаларға көркем және танымды кітаптар шығаратынбыз. 140 адам істейтұғын. Қазір жеті-ақ адам істейміз. Жылына 360-350 түрлі кітап шығаратынбыз. Қазір он кітап шығарамыз. Көрдіңіз бе! Қазір есесіне баспа көбейді. Ол кезде бізде жеті-ақ баспа болатын, бүкіл республикада! Соның өзінің қуаты күшті еді. Күніне бір-бір жарым кітап шығару деген бұл өте қуатты нәрсе ғой. Балаларға арналған кітаптар жақсы шығатын. Қазір балаларға деп мысалы жылына 10 кітапқа тендер түседі. Ал ол не болады! Өзіңіз ойлап көріңізші! Мен жастарға , жасөспірімдерге деп 10 кітап шығарамын. Ол түкте болмайды. Ал үкімет өзі ақша бөлгеннен кейін, оны тегін түрде, өзінің нұсқауымен таратады. Бізге қай жерлерге таратудың тізімін береді. Біздің өз ықтиярымызбен алуға қақымыз жоқ. Өйткені ақша үкіметтіке ғой. 2000 дананы барлық облыстардың кітапханаларына, оқу орындарына таратымын. Ал кез-келген оқырман оны сатып ала алмайды. Өйткені 2000 дананы мен түгел таратымын. Сонда менің қандай кітап шығарып жатқанымды көрші отырған өнер баспасы да білмейді. Оның не шығарып жатқанын менде білмеймін. Бұл түсініксіз жағдай. Өйткені өзара байланыс болу керек. Басқа баспаның шығарып жатқан кітабын мен қайталамауым керек. Керісінше оған қарап мен үлгі алуым керек. Бәсеке болуы керек. Ондай мүмкіндік бізде жоқ.
Мүмкіндік бір-ақ рет болады. Жылдың аяғына таман, жыл қорытындысы біткен кезде министрлікте бір көрме ашылады. Сонда көршілерімізді бір атүсті көріп шығамыз «е мынау мынандай кітап шығарған екен ғой. Анау анандай кітап шығарған екен ғой» деп..Бірақ бұл кеш қой. Ал бұрын тақырыптық жоспар деген болатұғын. Оны алып қарайтынбыз. «Е мынау мынандай кітап шығарады екен» - деп. Менің ойым сол бұрынғы үлгілердің бәрін сызып тастамау керек еді. Біз мысалы келесі жылға ұсыныс жасауымыз керек. Авторлар қолжазбасын әкеледі. Оның ішінде мен мынадай-мынадай пікірлер ұйымдастырам. Белгілі жазушыларға берем. Олар қарайды. Редактор оқып көріп: «Бұл өте пайдалы кітап екен, осыны келесі жылға шығаруыңызды ұсынмын» деп жазады. Міне, тендер осы тұрғыдан өтуі керек. Мұны тендерге салудың қажеті жоқ. Бұл бұрынғы кеңес дәуірін толық қайталау емес. Дегенмен бұл, жылдар бойы жиналған тәжірибе ғой. Сонда әлдеқайда дұрыс болған болар еді. Тағы бір айта кететін жәйт, 2000 дананы кітапханаға тарату деген дұрыс. Әйтеуір кітап жоғалып кетпейді. Бірақ бізде кітапханадан басқа да жалпы кітап сүйгіш қауым бар ғой! Мемлекет бізге «2000-нан артығын өз ақшаңа шығар» дейді. Оған тыйым салмайды. Бірақ оны шығаратын әр баспаның мүмкіндігі жоқ қой. Міне көрдіңіз бе! Менің шығарғым келеді. Артық тағы 2000 кітап шығарйын. Бірақ мен оны қалай сатам? Қазақстанның қай ауданында кітап дүкені бар қазір? Менің өзімнің туған ауданымда бірде бір кітап дүкені жоқ! Ал 120 мың халқы бар. Қаншама мектеп бар. Жарайды. Бар болған күнде мен оған қалай апарам? Екі мың дана жол қаражатымның өзін ақтамайды ғой. Бұрын «Қазақ кітап» деген ұйым болған. Ол бізге тақырыптық жоспар бойынша «қанша кітап сатып алатындығы» туралы мәлімет беретін. Соның тапсырысы бойынша біз сонша дана шығаратынбыз. Ақшасын бізге артынша аударатын. Әрі қарай ұйым кітаптың үстіне бағасын қосып сата ма, оны өзі біледі. Сонымен қатар әр облыста, әр ауданда бұл ұйымның кітап дүкені болатын. Көлігі болатын. Шығаратын газеті болатын. Оның барлығы жойылып кетті. Содан ақсап жатқан жағдайымыз бар. Қыбыр-қыбыр тіршілік бар. Бірақ көңіл тұшытпайды.






Кітап пен көрме
Бізде көрмелер өтеді. Бірақ одан нәтиже болмайды. Мысалы мен он кітап шығарамын. Оны көрсету үшін «стенд» сатып алуым керек. Оның өзі пәлендей ақша. Енді сондай шығынмен көрмеге қалай барам? Және сол он кітабымды көрмеге көрсеткенде не табам? «Мына кітабыңыз жақсы екен, сатып аламыз» дейді мысалы. Менде жоқ қой сатып алатын кітап! 2000 дананы түгел таратып жібергем. Үйлеспейді біріне-бірі. Қылығымыз үйлеспейді. Көрмелер өтіп тұрады! Біреулер ұйымдастырып тұрады. «Бар, қатысыңыз» дейді. Бірақ барғың келмейді. Не апарасың оған? Он кітабыңды апарудан ұяласың әрбірден кейін. Он кітаппен көрме жасауға бола маған?

Халықарлық стандарт
Біз кеңес дәуіріндегі стандарттармен жұмыс істейміз. Оның пәлендей зияны да пайдасы жоқ. Ал өзіміздің қазақстандық жеке үлгі жоқ.

«Сауаттылық жағынан ақсап жатырмыз»
Қазір бірде-бір баспада түзеткер жоқ. «Корректор» деуші едік қой. Редактор шығарманың желісін, шешімін, дәрежесін, басталуы мен аяқталуын, сонымен қатар әдет-ғұрыпқа, заңға сәйкестігін қарайды ғой. Ал емлесін түзеткер тексереді. Ал қазір редактор соның барлығын өзі істейді. Өйткені түзеткер ұстауға қаржы көтермейді. Сондықтан сауаттылық жағынан да ақсап жатқан жайымыз бар.

«Бізде жалпы мәдениетке бет бұру нашар»
Қазір баспаханалардың кітап шығаруда бізден талап ететін ақшаса орасан. Өз күшімізбен кітап шығара алмай жатқандығымыз да содан. Бір кезде демеушілер көмектесетін. Қазір ол да тыйылды. Өйткені байлардың барлығы әдебиетті жақсы көреді деп айта алмаймын. Бізде жалпы мәдениетке, әдебиетке бет бұру нашар. Ол үшін әдебиетті сүйетін адамдар болуы керк. Олар бізде бірен саран.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3712 & 14 Сұрау