Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1465    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.91 Қайдан 46 Дауыстар   
13 Маусым, 2006 16:26 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

Бедеулік - бұл ең алдымен психологиялық мәселе!


Қазақстанда бедеулік әйелдер мен еркектер арасында барған сайын арта түсуде. Мұның себебі неде? Одан шығар жол бар ма? Осы мәселе бойынша елімізге белгілі «ЭКОМЕД» клиникасының жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты, эмбриолог-ғалым Салтанат Берденқызы Байқошқарова сайт тілшісіне сұхбат берген болатын.

Бедеулік бұл ең алдымен психологиялық мәселе!

Қазақстанда бедеулік әйелдер мен еркектер арасында барған сайын арта түсуде. Мұның себебі неде? Одан шығар жол бар ма? Осы мәселе бойынша елімізге белгілі «ЭКОМЕД» клиникасының жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты, эмбриолог-ғалым Салтанат Берденқызы Байқошқарова сайт тілшісіне сұхбат берген болатын.

Жауапкершілік жүгі
Біздің жұмыс істегенімізге биыл 11 жыл болды. Зертқанамызда дүниеге келген алғашқы сәбиіміз жақында 10 жасқа толады. Бұл жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Менде алашқыда қорқыныш сезім болды. Бедеулік өзіме де қатысты мәселе болатын. Мен 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Алғашқы баламды 7 жылдан кейін дүниеге әкелдім. Медицинаның сай-саласынан өттім. Содан кейін бе, менде бұл мәселеге қызығушылық болды. «Осы мәселені түбіне жеткізсем екен, қазақстанның барлық әйелдеріне мүмкіндік жасасам екен, дүние жүзінен барлық керекті технологияларды алып келсем екен» деп армандадым. Өйткені біздің ғылымымыз, мойындау керек, алдыңғы қатарда деп айтуға болмайды. Бұған куә, ең алғашқы бала 1978 жылы Англияда дүниеге келсе, Кеңес одағында 1986 жылы Мәскеуде дүниеге келді. Ал бізде он жылдан кейін, яғни 1996 жылы туылды. Егер бұл мәселемен біз айналыспағанда мүмкін алғашқы бала дүниеге бес жылдан кейін келер ме еді, кім біледі. Бірақ біз «не де болса дүние жүзінде жасалып жатқан тірлік қой» деп, соған қызығушылық танытып, осы жұмысты бастадық. Тағы да қайталап айтам, бұл үлкен жауапкершілік! Бала жасап дүниеге алып келу! Жұмысты бастау үшін оған кәсіби жағынан да адамгершілік жағынан да дайындық керек болды. Осы бастаманы қолдайтын адамдар керек болды. Мен алғаш рет топ жинағанда оларды тек кәсіби жағынан ғана емес, адами жағынан да таңдадым. Бұл жұмысты істеу үшін көңілі таза, осы жұмысты шынымен түсінетін адамдар керек болды. Алғашқы кезде үш-ақ адам болдық. Бірі менің жұбайым. Ол да үш жылға дейін бұл істің болашағына сенбей келді. Кейін гинеколог және мен - эмбриолог ретінде. Кейін қасымда медбикелерім болды. Сонда - «егер осы жұмыс іске аспай қалса, әйелдерді лобараториялық жағдайда ұрықтандыру әдісі сәтсіз бола берсе, жүз әйел алсаң, жүзінің ішінен біреуі де екі қабат болмаса мен не істеймін, қызметкерлерім мен үміт артып келген әйелдерімнің беттеріне қалай қараймын?» - деп ойладым. Гинекологыма айтып едім, ол: «алғашқы он әйелдің ішінен міндетті түрде екі қабат болатын әйел шығады» деп жұбатты. Айтқанындай-ақ болды. Бесінші әйелге салған ұрығымыздан әлгі он жасқа толып отырған баламыз дүниеге келді. Баланы лабараториялық жағдайда дүниеге алып келу - бұл шынымен де ғажайып іс. Біз үшін әрбір бала - өз алдына ғажап дүние. Бірінші кезде балалар айына, кейін аптасына дүниеге келіп жатса, қазір күнделікті туылады. Бұл осы еңбегіміздің нәтижесі. Сондықтан мен өзіммен бірге бастаған, қасымда болған, қазір де қасымда жүрген әріптестеріме дән ризамын.

Ынталы топ
Біз бастаған кезде көптеген кедергілерге тап болдық. «Мұндай жұмыспен тек құрметті профессорлар ғана айналысулары керек» деген сияқты әңгімелер болды. Ал біз осы салада бар болғаны 5-6 жылдық тәжірибесі бар қарапайым дәрігерлер едік. «Мұндай тірлік үлкен орталықта жасалуы керек» деген секілді әңгімелер әлі де айтылуы мүмкін. Біз қарап отырсаңыз, сол кезде бір ынталы топ қана едік. Қазір міне, үлкен емхана жасап, көптеген әйелдерге көмектесе алатындай жағдайға жеттік. Бұған біз өте қуаныштымыз. Заң аясы Біз бастаған кезде бұл мәселеге байланысты «Неке және от басы» деген кодексте бір ғана бап болатын. Онда: «Қазақстанда адамнан тыс зертқаналық жағдайда ұрықтандыру әдісіне рұқат етілген» деп жазылғанды. Басқа ешқандай заң болған жоқ.. Тек бертін келе денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат беру жөнінде арнайы бұйрықтары шыға бастады. Одан кейінгі үлкен жетістік - ол бұдан екі жыл бұрын «Қазақстан азаматтарының репродуктивті денсаулығы туралы» заңның қабылдануы. Онда осы әдістердің барлығына рұқсат берілген. Заңның қабылдануына ат салысқан азаматтардың бірі сенатор Бексұлтан Тұтқышев болды.

Дәрі сөз
Жылына бізге бедеулік мәселесімен мыңға жуық ерлі-зайыптылар келеді. Әйелдер келеді. Олардың барлығына осы зертқаналық ұрықтандыру әдісі қолданылады деп айта алмаймын. Өйткені алдымен бедеуліктің себебін анықтау керек. Анықтап болғаннан кейін ғана ем қолданылады. Дәрімен емдеу немесе операция жасау әдістері таңдап алынады. Тіпті жылы сөздің өзі ем. Келген адамдарды жылы шыраймен қарсы алып, жағдайын түсініп, ақыл-кеңес беріп «енді барлығы жақсы болады, уайымдамаңыз» деп сенім білдірсеңіз көптеген жылдар бойы бала көтермеген әйелдер халық емшілеріне келген секілді, әулиеге түнеген секілді ешқандай дәрі-дәрмексіз өздері бала көтеріп кетіп жатады. Бұл - сөзбен емдеу. Зертқаналық жағдайда ұрықтандыру әдістері ең соңғы жағдайда қолданылады. Қазір соңғы 10 жылда елімізде мыңға жуық бала дүниеге келді.

Бедеуліктің басты екі себебі

Бедеулік мәселесі барлық елдерге тән құбылыс. Қазір елімізде от басылардың 15-20 пайызы осындай жағдайға душар болған. Бедеуліктің басты екі себебі бар. Бірінші - ол экология. Адам қиындықты қолдан жасайды. Қазір ғылыми-техникалық үрдістердің дамып жатқан кезі. Ал одан бөлініп жатқан химиялық заттарды ауамен бірге жұтамыз. Күнделікті тағамда да химиялық заттар толы. Осының салдарынан адам ағзасында гендер өзгеріске ұшырайды. Ал екінші себеп ол - қазіргі сексуалды революция. Ерте жыныстық қатынастар, кездейсоқ жыныстық қатынастар. Солардың себебінен болатын қабыну процестері әйелде де еркекте де кездесіп жатыр. Соның себебінен екеуінде де ұрық азаяды. Оның сапасы төмендейді. Мысалы әйелдер бала көтермес үшін, соны тежеу үшін неше түрлі дәрілер қабылдайды. Соның барлығы да өзінің кері әсерін тигізеді. Кім кінәлі? Қазіргі кезде бедеулік еркектер мен әйелдер арасында бірдей тараған десе де болады. 50-60 пайызында әйелдер, 50-60 пайызында еркектер кінәлі.

 Бедеулік ең алдымен психологиялық мәселе!
Бедеуліктің салдарыан адамның психикасы өзгеріске ұшырайды. Мұндай адамдар баласы жоқ болған соң өмірге өкпемен қарайды. «Неге менде бала жоқ, ал жолдасымның үш баласы бар» деп күйінеді. Қонаққа барса екі көзі балаларда болады. Жолдастарының, туысқандарының арасында еркін жүре алмайды. Еркін араласа алмайды. Яғни, психикалық тежеу бар. Бедеулік көңіл-күйге қатты әсер етеді. Сондықтан біз келген азаматтардан психолог, психиатор және психоневрлогтан қағаз талап етеміз. Өйткені кейбір жағдайда сол дәрігерлердің көмегі керек болып жатады. Бізге келген әйел жылайды, сықтайды, барлық тағдырын айтады. Еркекте сол. Сондықтан біз оларға бірінші кезекте психологиялық көмек көрсетуге тырысамыз. Бедеулік ең алдымен бұл психологиялық мәселе!!

Егіз
Зертқаналық жағдайда көбінесе егіздер туады. Біз әйелден бірнеше ұрықты аламыз. Одан бірнеше эмбрион пайда болады. Әйелге кейде екі, үш, төрт әмбрион саламыз. Яғни, бала көтеру мүмкіндігін көтеру үшін. Сондықтан да егіздер туылады. Қазіргі мәліметтер бойынша осындай әдіспен екі қабат болған әйелдердің 60-70 пайызында осы жағдай кездеседі. Үшеу болса, біз әрине қауіпті. Өйткені ана шала туып қоюы мүмкін ғой. Егер таза егіз болып жатса онда керісінше қуанамыз. Ал үшеу-төртеу болып жатса, бізде оны азайтудың әдістері бар.

«Ақшасын төлеп тұрсаң болды»
Қазіргі кезде осындай егіздер жиі болмас үшін, «креоконсервация» дейді, яғни, эмбриондарды сұйық азатта ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндігіміз бар. Мысалы бір жолы әйелге бір-екі эмбрион салып берсек, әйел бала көтерсе, онда қалған эмбриондарды екі жылдан кейін салып беруге болады. Егер де осы жолы бала болмаса, онда бір-екі айдан кейін сұйық азотта сақталған эмбриондарды әйелге қайтадан салып беруге болады.  Эмбрионды 20-30 жыл сақтай беруге болады. Тек ескеретін жәйт, азот өзі бензин секілді ауаға ұшып кететін зат. Күніне 2-3 литр ұшады. Сондықтан сұйық азотты үнемі құйып тұру керек. Тек ақшасын төлеп тұрсаң болды. Эмбриондар арнайы түтіктің ішінде болады.

Елу жасында бала көтерген
Мысалы кеше ғана менде бір әйел екі қабат болды. Жасы елуде. Осыдан үш жыл бұрын сақтап қойған эмбрионымды салып бердім. Бала көтеріп, қуанып Шымкентке үйіне кетті.

Қызды кім  сүймейді
Бізде көбінесе қыздар дүниеге келеді деп айта алмаймын. Бізде де кәдімгі табиғаттағыдай бірдей деп айтуға болады. Керек десеңіз ер балалар көбірек дүниеге келеді. Дүниеге алғашқы келген балаларға мен өзім сараптама жасап көрдім. Сонда қарасаңыз, дүниеге ең алғаш рет осы әдіспен келген бала - ол қыз. Қазір оның жасы 28-де. Кейін кеңес одағында да алғаш рет дүниеге келген нәрсете де қыз болып шықты. Біздің қазақстандағы алғашқы баламыз да қыз. Мүмкін содан кейін шығар «дүниеге қыздар көп келеді екен» деген пікірдің қалыптасқаны. Ал төлем ақыға келер болсақ бір әрекет 118 мың теңге тұрады. Дәрі-дәрмегін қосқанда екі-екі жарым мың АҚШ доллары болады.

«Барлығына ортақ рецепт жоқ.»
 Егер ұрықтандыру әдісі сәтсіз аяқталса, алдымен оның себебі анықталады! Не үшін сәтсіз шықты? Мүмкін ол әйелге енді басқа әдісті қолдану керек шығар. Мүмкін жасына байланысты болар. Мүмкін анатомиялық өзгерістерге байланысты шығар. Сондықтан нақты сараптама жасалып әр жолы әр түрлі шешім қабылдаймыз. «Қанша рет жасасақ та әйтеуір бідеңе қылып жасаумыз керек» деген әңгіме жоқ! Әрине менде бірнеше әдіспен бала көтерген әйелдер бар. Олардің ішінде жеті, сегіз, тоғыз рет жасағандары бар. Бірақ оларда әр жолы дәрілердің комбинациясы өзеріп отырды. Әрбір әдістің, организмнің барлық қулық-сұмдығы бізге жақсы белгілі. Сондықтан барлығына ортақ рецепт жоқ.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.7006 & 14 Сұрау Серверді жегу: 1.35