|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
«Журналистер халық үшін қызмет етеді»Бізді бәрі қолдап отыр БАҚ туралы заңға енгізілмек өзгертулер мен түзетулердің астарында бірнеше терең мәселелер бар. Яғни, бас редактор өзгерсе және редакцияның мекен-жайы мен тиражы өзгерсе, газеттер Мәдениет және ақпарат министрлігіне хат жазып, қайтадан тіркеуден өтіп, қайтадан ақша төлеу керек. Бұл заңдағы өзгерістер мен түзетулерге бәрі қарсы болып отыр. Біз қожайындармен де, бас редакторлармен де сөйлестік. Ішінен бәрі бізді қолдайды. Олардың кейбіреуі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істеп жатыр, сондықтан ашық қарсылық білдіре алмайды. Бірақ біз оларды түсінеміз. Осы жағдайда бізді облыстардағы, үлкен екі қала Алматы мен Астанадағы журналистер қолдамаса, біз наразылық білдірмес едік. Бізді бәрі қолдап отыр. Жалпы, біз бұл өзгертулердің астарын біліп отырмыз. Қазақстанда 5-6 оппозициялық газет бар, бұл заң жобасы соған қарсы мақсатта шығарылып отыр. Егер аталмыш заң жобасы бойынша, бір өзгеріс болса, редакцияның мекен-жайы өзгерсе, ол газеттерді қайта тіркемей қояды. Сөйтіп газет осындай жолмен жабылады. Біз ұсынған БАҚ туралы заң ескерілмеді Ал, біз, бірнеше қоғамдық ұйымдар бірлесіп, БАҚ туралы заң жобасын дайындап, Парламентке ұсынған болатынбыз. Сол мәселемен бір-екі рет Астанаға бардық. Жұмыс тобына мүше болғандықтан, оның отырысына қатыстым. Бірақ депутаттар біздің ұсынысымызды тыңдаған жоқ. Бірінші жұмыс тобының отырысына 4 депутат, ал келесі отырыста 6 депутат қана қатысты. Ал, негізінен жұмыс тобының мүшелігінде 12 депутат болу керек. Олардың айтуынша, біз ұсынған жобамызда БАҚ қожайындарының, құрылтайшылардың мүддесін қорғап отыр екенбіз. Біз бұл заң жобасын жасағанда, Журналистер Одағының облыстардағы бөлімдерімен хат жазысып, пікірлерін сұрадық. Ал, қазіргі министрліктің ұсынған заң жобасына бәрі қарсы болып отыр. Бұл заң қабылданып кетсе, жанама цензура болуы әбден мүмкін. Мен бір жиында айттым, Мәдениет және ақпарат министрлігі жанып кетті, олар енді онда отырмайды, Астанадағы Республика даңғылының 24-ші үйде отырады. Олар көшті, неге олар қайта тіркеуге отырмайды. Сондай-ақ «Айқын» мен «Литер» газетінің редакциясы отырған ғимарат жанып кетті, олар да қайта тіркеуден өтеді ме? Ал, «Время» газетінде бір жұманың ішінде қожайын, екі редактор ауысты. Сонда олар қайта-қайта тіркеуден өтіп, қайтадан ақша төлеу керек пе? Неше түрлі жағдай болады ғой. Мен осыны түсінбеймін. Олар мұның бәрін оппозициялық газетті жабу мақсатымен істеп отыр. Өйткені, бір газетін жапса, атын өзгертіп, тағы біреуі шығады. Мен өзім ойлаймын, қазіргі министрлік пен Парламент жоғарыдан келген тапсырманы орындап отыр. Артық ақша неге керек? Министрлік ұсынған БАҚ туралы заңға өзгертулері мен толықтыруларының ішінде қосымша қор деген болды. Яғни, тіркеуден өтетін газеттердің банкте депозитте 42 мың доллардан артық қоры тұру керек. Біз оған келіспедік. Біреулер сіздермен соттасса, оған төлейтін артық ақша тұру керек дейді. Яғни олар ешқандай сот басталмай-ақ бізден кінә табуды мақсат етіп отыр. Газет ашу үшін, 40-50 мыңдай ақша керек. Оның өзі оңай емес. Ал енді тағы да депозитке ақша салып қоюымыз керек. Мүмкін сот бола ма, болмай ма? Содан кейін жарты жыл сайын министрлікке есеп беріп, хат жолдап тұруымыз керек екен. Депутаттар біздің қарсылығымызды ескерген болу керек, бұл толықтыруды алып тастапты. Яғни, бізді деп отырғаным, бұл – Журналистер Одағы, Халықаралық сөз бостандығы қоры – «Әділ сөз» және Ұлттық теле таратушылар ассоциациясы, бірнеше аймақтағы телеарналардың басшылары, журналистер. Бар үмітіміз президентте Бізде екі жол қалды, бір жол – қоғамға айту, екіншісі – президентке мәлімдеме не хат жазу. Айтып кетсек болады, осыдан екі жыл бұрын Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан дайындалған жоба өтпеген еді. Мәжіліс те, Сенат та қарап шығып, президентке барғанда бұл жобаға тыйым салды. Енді біз қазір соған сеніп отырмыз. Қазақстанда бұл мәселені шешетін бір-ақ адам бар, ол президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Сондықтан да, біз Парламентке сенбей, қазір президентке хат жолдап отырмыз. Бұл хатқа 2000-дай журналист қол қойды. Ал, сенбі күні, яғни 25 маусымда рұқсат етілген жиын өтеді. Қазір соған дайындалып жатырмыз. Алматы қаласының әкіміне хат жаздық. Енді жиынға шығуға рұқсат сұрадық. 24-і күні митингке шығып, бәрін ашық айтамыз деп отырмыз. Үнімізді қоғам мен президент естісін Біз заң бойынша, он күн бұрын Алматы қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке хат жаздық. Біз бұл жиынды Шоқан Уәлиханов ескерткішінің маңында өткізсек деп өтініш білдіргенбіз, бірақ бізге: «Митинг өткізетін арнайы орнымыз бар, ол – «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы алаң» деп, сол жерге рұқсат берді. Бірақ онда «тәртіпке жауап бересіңдер» делінген, біз оған келісіп отырмыз. Бұл біздің өміріміздегі 4-ші митинг болмақ Біз өз пікірімізді ашық айтамыз. Митингке қоғам қайраткерлері мен партиялар да келеді. Бұл біздің өміріміздегі 4-ші митинг болмақ. Біріншісі, Козлов деген журналисті сотқа береміз дегенде қорғап шыққанбыз. Содан кейін журналист Геннадий Бендицкийді соттаймыз дегенде, араша түскенбіз. Кезінде «Республика» газетін жапқалы жатырғанда, оны жапқызбай қорғап қалған едік. Мынау енді біздің 4-ші митингіміз, көреміз енді. Біздің қарсылығымызды Парламент білсін дейміз, біз қарап отырсақ, олар білмесе, қабылдай салады. Парламенттің ішінде біздің бағытымызды қолдайтын 10 шақты депутат бар. Митинг болған соң ол президентке дейін жетеді. Содан кейін, шынын айту керек, біз ДСҰ-ға кіреміз, Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына (ОБСЕ-ге) төраға боламыз дейді. Бірақ бұл өзгертулер мен түзетулер оның талабына сай келмейді. Жақында бізге Венадан Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы (ОБСЕ) Сөз бостандығы жөніндегі комиссияның төрағасы Миклош Хаарассиден хат келді. Ол да бізді қолдап отыр. Хатта Бұл жобаны қайтару мақсатымен Қазақстан Үкіметіне, Мәдениет және ақпарат министрлігіне хат жаздық делінген. Жақында Американың Қазақстандағы елшісі баспасөз мәслихатын өткізіп, бізді қолдап отыр. Бірақ айта кетейін дегенім, біз халықаралық, шетелдік қорларды өзіміздің ішкі мәселемізге араластырмаймыз, өзіміз шешеміз. Алайда олар бұл мәселе жөнінде баспасөзден естіп отыр, ешкім хат жазған жоқ. Журналистер халыққа жау емеспіз... Тағы бір айта кетейін дегенім, біз, журналистер, халыққа, елге жау емеспіз. Біз халықтың жағдайы жақсарсын, елде бәрі жақсы болсын деп жұмыс істеп жатырмыз. Содан кейін менің түсінбейтінім, олардың мақсаты оппозициялық 5-6 басылымды жабу болса, неге қалған 7000-дай газет-журналға да шектеу қойылу керек? Последние новости рубрики
21.03 (16:26) «Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу
31.01 (11:57) “Күтпеген жерден қыс түсті» 27.07 (10:58) Ғылым мәртебесі 21.06 (13:10) Тіл жолы 07.05 (08:35) "Біздің басты байлығымыз - ұлтаралық татулық" 06.04 (11:47) "Бағалы қағаздар" жолы 22.02 (17:09) Патриоттық құны |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||