Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1290    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.20 Қайдан 5 Дауыстар   
29 Шілде, 2006 11:56 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

Мүлік пен мемлекет


Жылжымайтын мүлік пен капиталды заңдастыру - мемлекеттің негізіне нұқсан келтіреді. Қосымша құн салығының төмендеуі әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына кедергі келтіре алмайды. Осы және өзге мәселелер бойынша экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спановтың сұхбаты.

Мүлік пен мемлекет
Жылжымайтын мүлік пен капиталды заңдастыру - мемлекеттің негізіне нұқсан келтіреді. Қанша айтқанмен бірінші кезекте мемлекеттікті сақтайтын қағидалар тұруы керек қой. Егер мемлекет әрбір бес жыл сайын осындай заңдастыру шараларын өтізетін тұратын болса, онда мемлекеттің керегі не? Мемлекет бұл тек шенеунік қана емес қой. Мемелкет бұл алымен халық. Сонымен қатар мемлекетке бейне бір компания деп қарауға болмайды. Мысалы біздің жоғары лауазымды басшыларымыз өздерін топ-менеджер деп санайды. Ал топ-менеджер дегеніңіз алдымен экономикалық табысты басшылыққа алады. Ал мемлекет бұл әлеуметтік тірі организм. Сондықтан мұнда мемлекеттің болашағын, өсіп өркендеуін басшылыққа алу керек. Егер заңдастыру шаралары тоқтаусыз өтіп тұра беретін болса, онда мемлекеттің әділеттілігі жойылады. Сонда қалай болғаны? Ұрлау беруге болғаны ма? Бес жылдан кейін онсыз да сені заңдастырады екен. Олай болса мемлекеттің керегі не? Бұл шара мемлекеттің қауіпсіздігіне де нұқсан келтіреді.
Мұнай мен ақша.
Қаржы мемлекеттің экономикасына жұмыс істеуі керек. Әрбір кезеңге Үкіметтің арнайы стратегиясы болуы керек. Меніңше мұнайдан түскен қаржының тікелей ұлттық қорға құйылуы дұрыс жасалған стратегия. Өйткені қазір жыл сайын ЖІӨ 7-8 пайызға өсіп жатыр. Ал артық қаржы келіп қосылатын болса онда Үкімет оны жұмсай алмайджы. Бұл әлеуметтік салаға салмақ түсіреді. Қымбатшылық басталады. Оның ішінде тұрғын үй саласы да бар.
Қосымша құн салығы
Қосымша құн салығы және тағы бірқатар салықтардың төмендеуі Үкіметтің қабылдаған әлеуметтік бағдарламаларының орындалуына нұқсан келтіреді деген пікірмен келіспеймін. Бұдан қорқаудың керегі жоқ. Мұнай-газ саласындаағы табыс жоғары ғой. Ол бүкіл экономиканы соңынан ертеді. Экономиканың өсуіне ықпал етеді. Бізде басқа секторлар да тұрақты түрде дамып келеді емес пе. Солардан түсетін табыс әлеуметтік бағдарламларды орындауға жетеді деп санаймын. Егер жетпей жатса, бізде мұнай қоры бар. Содан реттік жүйеде қаржы аударуға болады.
Басты экономкалық басымдық
Қазақстанның экономикасында мұнай-газ саласы локомотив ролін атқарып келеді. Қазір бұл ролді құрылыс саласы атқара бастады десе де болады. Бірақ меніңше қазақтың тарихи шаруашылық дәстүріне назар аударуымыз керек. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, табиғи жағдайын, климатын ескеруіміз қажет. Бізде 2002-2005 жылдары «Ауыл жылы» болды. Бірақ бұл бағдарлама өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмады. Астық өндіру деңгейі сол күйі қалды. Есесіне егіндік алқаптар азайып жаты. Сондықтан қазақстан ауыл шаруашылығын басымдыққа алуы тиіс. Бізде бұл саланың дамуына тамаша табиғи жағдай қалыптасқан. Мұндай жағдай кез-келген мемлкетте жоқ. Сондықтан бізде ауыл шарушылығына үлкен басымдық беруіміз керек. Қазақстан ауыл шарушылығы өнімдерімен бүкіл орталық және шығыс азияны қамтамасыз ете алады.
Кластер
Кластерлік экономиканы біз бұрында өткенбіз. Ол кезде бұл салалық экономка деп аталатын. Жалпы алғанда кластерлік экономкаға бет бұрғанымыз дұрыс бағыт. Бірақ мен бірқатар кластерлік бағдарламаға қарсымын. Мысалы мақта кластері. Біз бұл саладаы бәрібір Қытай түгілі Өзбекстанмен де бәсекелес бола алмаймыз ғой. Әрине мұның экономикалық емес, әлеуметтік маңызы бар. Бір қуанарлығы бізде үлкен ғарыштық бағдарлама қолға алынбақ ниетте. Бұл экономкада ең үлкен алға басушылық деп санймын.
Доллар
Доллар курсының төмендеуі АҚШ-қа тиімді болғанда тоқтайды. Қазір доллардың түсуі АҚШ-те өте тиімді. Мемлекет енді ғана экономикалық тоқыраудан шықты. Меніңше Америка тоқыраудан шыққанша доллардың түсе жалғаса бермек. Бұдан басқа, бұған Ауғаныстандағы, Ирактағы және таяу шығысттағы жғдайлар әсер етеді. Доллар бүгінде АҚШ-тың саяси құралына айналған.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3915 & 14 Сұрау