Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға  Сіз осы категорияны қарап жатырсыз 
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары




Оқиға
Стр. 1 из 89  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  >  »

"Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
9 Ақпан, 2012 11:35 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 1

Алматы облысының Қарасай ауданында "Премьера" тұрғынүй кешенін салуға жігіттерді "Мирич груп" компаниясы жалдаған. Алайда, еңбекақы өтеуде сараңдыққа салып, желтоқсанның жалақысын бермей, сергелдеңге салған. Жақында берешектен түгелдей құтыламын деп сендірген басшы мүлдем ізім ғайым жоғалған. »»»

Қандықол жүргізуші бостандыққа шығарылды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
20 Қаңтар, 2012 12:43 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 35

Былтырғы жылдың қазанында 45 жастағы әйелді көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен қылмыскер бостандықта жүр. 5 бірдей баланы аңыратып анасыз қалдырған қандықол тек жүргізуші куәлігінен айырылатын болды. Қатаң жазаға тартылауы тиіс Юрий Душкиннің ісін қараған қазының айтуынша жәбірленуші тарап кешірім берген. »»»

Қазақстан үкіметі Жаңаөзен проблемасына мойын бұрды

Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 1 Дауыстар
21 Желтоқсан, 2011 10:36 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 89

Мұнайшылар 7 ай ереуілдегенде ауыз ашпаған Кәрім Мәсімов бүгін Астанада өткен жиында жаңаөзенге қатысты уәдені үйіп төкті. Тіпті Үкімет сарбаздар қолынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына да жәрдемақы төлемек. »»»

Жаңаөзендегі тәртіпсіздікке саяси баға

Орташа рейтинг : 7.67 Қайдан 3 Дауыстар
21 Желтоқсан, 2011 10:30 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 91

Саяси партиялар 16-желтоқсан Жаңаөзен қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты ой-пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. Коммунистер «Билік Жаңаөзенде орын алған оқиғаға обьективті түрде тергеу жүргізіп, екі жақты диалогқа баруы керек» дейді. »»»

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қирап, өртке оранған нысандарды қалпына келтіруге 1,9 млрд теңге қажет

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
21 Желтоқсан, 2011 10:29 ["43 канал" телеарнасы, Теміртау]
Қаралымдар: 60

Осы оқиғаға қатысты құрылған Үкіметтік комисся жетекшісі, вице-премьер Өмірзақ Шүкеев осылай деп мәлімдеді. Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктің салдарын қалпына келтіруге арналған бүгінгі Үкіметтің селекторлық отырысында, алғашқы қажеттілкке 1,2 млрд теңге бөлінді. »»»

Алматыда тағы бір жол полициясы қызметкері қаза тапты

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 2 Дауыстар
7 Желтоқсан, 2011 15:02 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 77

Оны жоғарғы жылдамдықпен жүйіткіген БМВ автокөлігі қағып кеткен. Жүргізуші 23 жастағы жігіт. Тергеушілер қастандық болуы мүмкін деген тұжырымды да қарап жатыр. Қайғылы оқиға Солтүстік айналма тас жолында болған. »»»

Лаңкестердің қылмысы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
6 Желтоқсан, 2011 14:13 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 82

Боралдайда қаза болған лаңкестерден осыдан бір ай бұрын екі полицейді атқан тапанша табылған. Ішкі істер департаментінің сараптамалық қызметі тәркіленген қару-жарақтың арасынан шыққан тапаншаны тексеріп осындай қортынды шығарды. »»»

Боралдайдағы атыс

Орташа рейтинг : 7.67 Қайдан 3 Дауыстар
6 Желтоқсан, 2011 14:09 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 106

Боралдай ауылындағы жағдай бүгін де шиеленіскен күйінде. Құзырлы органдар, тіпті тұрғындар да тілшілерге тіс жармайды. Жұрт әлі де үрей үстінде. Атыс болып, жеті адам қаза тапқан жерді көріп қайтқан тілшілеріміз айнала әлі қан сасыйды дейді. »»»

Тілсіз жау

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар
22 Қараша, 2011 10:42 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 105

"Ялян" сауда орталығы маңында пиратехникалық заттар сақталған қоймада жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Тілсіз жауды сөндіруге 27 құтқарушы жұмылдырылған. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Өрт "Ялян" сауда орталығы мен "Жетісу" базарының жанындағы қоймада тұтанған. »»»

Тараздағы лаңкестік әрекетке қатысты тергеу амалдары жалғасуда

Орташа рейтинг : 3.17 Қайдан 6 Дауыстар
16 Қараша, 2011 10:52 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 172

Тараздағы террордың тергеу амалдары жалғасуда. Қазір 7 адамды жер жастандырып, үш адамды жаралап, өзін-өзі жарып жіберген лаңкес Мақсат Қариевтің қылмыс жасағанға дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауында болғандығы анықталды. Және оның қару-жарақты қайдан алғандығы нақтылануда. »»»

Жеті адамның қанын жүктеген лаңкес "Халифат сарбаздары" ұйымының мүшесі болып шықты

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 3 Дауыстар
15 Қараша, 2011 11:33 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 183

Сондай-ақ бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оққа ұшқан қос қызметкерінің де есімі жарияланды. Олар облыстық департаменттің аға лейтенанттары Сергей Касьяненко мен Мұхтар Халиев. Ал, 7 адамның қанын жүктеген Кариев "Халифат сарбаздары" ұйымының мүшесі болып шықты. »»»

"Стан tv" порталының түсіру тобына шабуыл жасаған қылмыскерлердің кімдер екені анықталды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 1 Дауыстар
10 Қараша, 2011 11:41 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 77

Оларға полиция халықаралық іздеу жариялап отыр. 35 жастағы Руслан Гасанов Ақтау қаласының тумасы. Ал, оның 25 жастағы сыбайласы жайлы дерек жоқ. Бүгін түсінік берген ішкі істер министрлігі, қылмыскерлер таныстарының көлігін алаяқтық жолмен мініп кеткен. »»»

Екі полиция қызметкері оққа ұшты

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 2 Дауыстар
10 Қараша, 2011 11:31 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 86

Алматы полициясы бір тәуліктен бері аяғынан тік тұр. Екі әріптестерін атып кеткен қылмыскерлерді әлі тапқан жоқ. Сақшылар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Екі сақшыға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат ішкі істер бөліміне кеше кешкі сағат 8-ден 20 минут кеткенде түскен. »»»

Қазақ халқы Салық Зимановты ақтық сапарға шығарып салды....

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 2 Дауыстар
8 Қараша, 2011 11:58 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 98

Қазақ ғылымының сардары атанған ұлы тұлғаны халқы ақтық сапарға шығарып салды... Академик Салық Зиманов - Қаныш Сәтбаевтың көзін көрген, ықыласына бөленіп, ізбасары болған тұлға. Ол өзінің бар ғұмырын, қазақтың даңқын асқақтатуға ат салысқан ақтамбері. »»»

Қаhарман

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 1 Дауыстар
3 Қараша, 2011 10:37 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 77

Алматылық полицей Зайытжан Аюпов бірақ күнде қаһарман болып елге танылды. Ол бесінші қабаттан лақтырылған баланы жерге түсірмей қағып алыпты. Шатырға шығып алып шаранасының тағдырын шешпек болған келіншектің өзі де секіріп кеткен. »»»

"Стан ТВ" порталы қызметкерін соққыға жыққан қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
28 Қазан, 2011 10:39 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 85

Әріптестеріміз бүгін арнайы басапасөз маслихатын ұйымдастырды. Бұл порталдың қызметкерлеріне кеше Маңғыстау облысында шабуыл жасалып еді. Өркен Жоямерген мен таспагер Асан Әміловті белгісіз біреулер ұрып соғып, жарақаттайтын оқпен атып кеткен болатын. »»»

Алматыда жол қозғаласын реттеп тұрған МАИ қызметкерін көлік қағып кетті

Орташа рейтинг : 1.25 Қайдан 4 Дауыстар
18 Қазан, 2011 10:49 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 139

Алматыда жол қозғалысын реттеп тұрған маи қызметкері Бақтияр Баудиновты көлік қағып кетті. Оқиға Әуезов ауданында кешкі сағат тоғыз жарымдарда болған. Қатты соққы алған сақшы қарсы бағыттағы көліктің астына түседі. Бірақ, абырой болғанда БМВ-ның жылдамдығы төмен болып, полицей аман қалды. »»»

Өрт салдарынан 8 адам мерт болды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
18 Қазан, 2011 10:41 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 101

Бүгін түнде Алмалы ауданында 8 адам тірідей жанып кетті. Тағы 3 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Тұспал бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған. Өрт түнгі сағат 2-і шамасында, жұрт шырт ұйқыда жатқанда тұтаныпты. Куәгерлер ұзын барак демарада лапылдап ала жөнелді дейді. Газ балондары жарылған кезде айналадағы елдің бәрі оянапты. »»»

Австралияда қаза болған Қазақстан азаматшасының денесі елге әкелінді

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
18 Қазан, 2011 10:30 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 93

Австралияда өлтірілген Қазақстан азаматшасы Сағынай Батырханова өз отаны Шығыс Қазақстан облысына әкелініп, қойылды. Бүгін марқұмды ата-анасы, бауырлары, туғандары және жерлестері жер қойнауына тапсырды. Бұл жайында дәстүрлі брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді. »»»

Ішімдіктің соңы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
18 Қазан, 2011 10:27 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 101

Спирттік ішімдікке тойып алған әскерилер арасындағы текетірес адам өлімімен аяқталды. Өткен демалыс, яғни 15-ші қазан күні Ақтау гарнизонының 30-153 әскери бөлімшесінің 26 жастағы аға- лейтенанты Циглер өз әріптесі, аға-лейтенант Мұсахановты пышақтап өлтірді. »»»

Газ жарылысынан сегіз адам опат болды

Орташа рейтинг : 9.25 Қайдан 4 Дауыстар
13 Қазан, 2011 10:54 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 85

Қазанның 11-і күні Ақтаудағы мұнай айдау стансасының аумағында сегіз адамның өмірін қиған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі Істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бүгін өткен баспасөз мәслихатында осылай деп хабарлады. »»»

Ақын Тұманбай Молдағалиев дүниеден озды

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 1 Дауыстар
11 Қазан, 2011 10:35 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 94

Тұнық жырдың тұмасы Тұманбай Молдағалиев өмірден озды. 19 жасында жарқ еткен сыршыл ақынның алғашқы кітабі "Студент дәптерін" талай бозбала басына жастанып жатып есейіп еді. Ақын келер жылы 20 наурызда 77 ге толар еді. »»»

Австралияда қазақ қызы қаза тапты

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
5 Қазан, 2011 14:19 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 135

22 жастағы Сағынай Батырханованы өлтірді деген күдікпен Тай елінің жігіті құрықталды. Ол ұшаққа билет алып өз еліне қашып бара жатқан жерінен ұсталған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеп отыр. »»»

Телефондық лаңкестік

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар
5 Қазан, 2011 14:13 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 124

Астанадағы Ресей елшілігіне жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабар келіп түсті. Бұл туралы бүгін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Хабар келіп түсісімен департамент тарапынан арнайы үш техника мен 14 қызметкер аталған нысанға барды. »»»

Алматыда қарақшылық жолмен 45 млн. теңгені ұрлады деген күдікпен бір адам ұсталды

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
13 Қыркүйек, 2011 10:42 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 133

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңғы сағат жеті жарымда Түрксіб ауданында кеңсесінен шыққан кәсіпкерді қарақшылар тапаншамен қорқытып, 45 миллион теңгені тартып әкеткен ед. »»»

Олжас Сүлейменов ауруханада

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 2 Дауыстар
6 Қыркүйек, 2011 15:14 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 149

Астанада өтіп жатқан ЮНЕСКО ісі жөніндегі комиссиялардың жиынына қатысқан саясаткердің жағдайы үзіліс кезінде күтпеген жерден нашарлаған. »»»

АҚШ-та емханада жатқан қазақ қызын елге әкелу мүмкін болмай тұр

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
15 Тамыз, 2011 16:14 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 146

АҚШ-та ес-түссіз жатқан қазақ қызы Айнұрды елге әкелу медициналық тұрғыдан мүмкін емес. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді. Хаянис қаласындағы Кейп Код ауруханасының дәрігерлері арнайы жиын өткізіп, қыздың миы қызметін тоқтатқанын анықтаған. »»»

Қош бол, қазақтың Қасымы...

Орташа рейтинг : 8.00 Қайдан 1 Дауыстар
11 Тамыз, 2011 15:35 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 200

Бүгін Алматы жұртшылығы саналы ғұмырын қазақтың театр және кино өнеріне сарп еткен Қазақ¬стан¬ның халық әртісі, «Парасат» орде¬ні¬нің иегері Қасым Жәкібаевты соңғы сапарға шығарып салды. »»»

АҚШ емханасында жатқан қазақстандық бойжеткеннің халі мүшкіл

Орташа рейтинг : 1.50 Қайдан 2 Дауыстар
10 Тамыз, 2011 15:42 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 174

Айнұр есімді қандасымыз қазір ес түссіз жатыр. Жасанды жолмен демалуда. Естеріңізге сала кетейін, жазғы демалыста Уорк енд Тревол бағдарламасымен АҚШ қа аттанған Айнұр, Массачусетс штатындағы отельдердің біріне бассейн қараушысы болып жұмысқа орналасқан. »»»

Қырғызстанда соққыға жығылған қазақстандық азамат әл үстінде

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
10 Тамыз, 2011 15:34 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 150

Жігіттің туыстары: "бізге билік тарапынан көмек керек. Бірақ әзірге әу деген жан болмады" деп қапаланып отыр. Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Айыр қалпақтылардың құзырлы орындары күдікті үш адамды қамауға алыпты. »»»

АҚШ емханасында қазақ қызы ес түссіз жатыр

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 1 Дауыстар
9 Тамыз, 2011 14:59 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 143

Қаракөзімізді Ермоунт Ресорт отелінің қызметкерлері бассейіннен тауып алған. Жазғы демалыста Уорк енд Тревол бағдарламасымен АҚШ қа аттанған Айнұр, Массачусетс штатындағы отельдердің біріне бассейн қараушысы болып жұмысқа орналасқан. »»»

Құтырған ит қапқан он жасар бала көз жұмды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
5 Тамыз, 2011 16:15 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 164

Қызылорда облысы Қазалы ауданында құтырған ит қапқан он жасар бала көз жұмды. Мұның алдында ғана облыс орталығына қарасты Тасбөгет кентінде бес жасар бала осындай қайғылы жағдайға ұшыраған еді. »»»

Қатты дауылдан 170 үйдің шатыры қирады

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
4 Тамыз, 2011 11:04 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 181

Теректі ауданындағы Абай ауылында табиғат апаты орын алды. 1 тамыз күні кешкілік соққан қатты дауылдың салдарынан ауылдағы барлық тұрғын үйдің шатырлары қираған. Сондай-ақ электр бағаналары құлап, қазір ауыл жарықсыз отыр. »»»

Батыс Қазақстан облысында егін жинау науқаны басталды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
4 Тамыз, 2011 11:01 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 122

Диқандар жалпы алғанда өңір бойынша 389 мың гектар жерден өнім алатын болады. Қазіргі кезде бұл аумақтың тек 23 мың гектары ғана жиналып үлгерілген. »»»

Сібір жарасы қалай жұқты?

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 1 Дауыстар
3 Тамыз, 2011 10:58 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 123

Батыс Қазақстан обылсы Жәнібек ауданы Талов ауылдық округіне қарасты Комсомол елді мекенінің үш тұрғыны сібір жарасын жұқтырған деген күдікпен ауруханаға түскен. Жергілікті кәсіпкерден сынама алу кезінде оның шынымен аталмыш дертті жұқтырғаны анықталды. »»»

Су құрбандары

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
3 Тамыз, 2011 10:53 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 119

Суға кеткендер саны облысымыз бойынша 32 адамға жетіп отыр. Кеше суда құтқарушылар бір апта бұрын Жайық өзеніне батқан 41 жастағы ер адамның денесін судан шығарды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары да дереу жетті. »»»

Алматыда 13 жасар оқушы қыз жоғалып кетті

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
3 Тамыз, 2011 10:33 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 113

Алматыда ақыл есі кем балаларға арналған "ЖАНҰЯ" кешенінен 13 жасар оқушы жоғалып кетті. Мұғалімдердің айтуынша, Әйгерім Серік үзіліске шығып, содан оралмаған. Ал, қапыда қыздарынан көз жазып қалған ата-ана білім ордасы жұмыстарына салғырт қараған деп айыптап отыр. »»»

Екі шаруашылық арасындағы дау

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 2 Дауыстар
1 Шілде, 2011 12:12 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 217

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданындағы екі шаруашылық қожалықтың арасында дау туындап отыр. Шаруашылық иесі Анатолий Доценко облысымызда ауыл шаруашылығымен айналысу мүмкін емес деген пікірде. 2003 жылы жер өңдеуге бет бұрған ол, қазір 9 алқапта арпа, бидай, тары егумен айналысады. »»»

Дүлей дауылдың салдары

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
29 Маусым, 2011 13:48 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 150

Алматы дауылдан есін әлі жия алмай жатыр. Табиғаттың тосын сыйынан келген зардапты жоюға 35 техника, 300-ден астам құтқарушы жұмылдырылыпты. Қираған ағаштар жиналып, үзілген электросымдар жалғанып жатыр. Толығырақ Руслан Меделбек әңгімелейді. »»»

Мәскеуде қазақстандық студент қаза тапты

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
29 Маусым, 2011 13:46 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 161

24 жасар Ернар Әлиевті жатақханасына 20 қадам жер ғана қалғанда белгісіңз біреулер пышақтап кетіпті. Ресейдегі Губкин атындағы университеттің мұнай-газ факультетінің студенті Ернар оқуын биыл бітіруі тиіс ед. »»»

Алматы қаласындағы дүлей дауыл

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
28 Маусым, 2011 11:33 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 133

Бүгін түскі сағат екі жарым шамасында күн райы күрт өзгеріп, нөсер мен бұршақ жауып, қаланы қопарып кетті. Бұл жолы да жасыл желек жайпалды. Әзірге 20-ға жуық ағаш құлады делініп отыр. Сондай ақ, электр желілері үзіліп, қаланың бірнеше бөлігі жарықсыз қалды. Олеся Николаева тарқатад. »»»

Отанын қорғаймын деп опат болды

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
27 Маусым, 2011 11:24 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 160

Абыройлы борышын атқарам деп әскерге кеткен тағы бір сарбаз еліне өлі жетті. Ақтөбе қаласындағы ұшқыштар училищесін бітіріп, әскерде офицер болып қызмет еткен Берік Мұрзабековтың денесі туғандарына осыдан бірер күн бұрын табысталды. »»»

Өзін өзі өртеген әйел көз жұмды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
22 Маусым, 2011 14:01 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 186

Бұл жайында бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбед Қасымов мәлімдеді. Естеріңізде болса кеше таңғы 9 да Астанада оқыс оқиға болып еді. Есірткі сақтады деп баласы 10 жылға сотталған Сәуле Өтепбергенова үкіммен келіспейтінін білдіріп партияның қабылдау бөлмесінде өз үстіне жанармай құйып, от қойған еді. »»»

Алматы метросында 4 жұмысшы жарақат алды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
17 Маусым, 2011 11:56 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 165

Алматы метросында төтенше жағдай. Құрылыс нысанында әрлеу жұмыстарымен айналысып жатқан Баб и К компаниясының 4 жұмысшы жарақат алды. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің айтуынша, химиялық газды лап ете түскен. »»»

Алматы метросында 4 жұмысшы жарақат алды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
17 Маусым, 2011 11:56 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 133

Алматы метросында төтенше жағдай. Құрылыс нысанында әрлеу жұмыстарымен айналысып жатқан Баб и К компаниясының 4 жұмысшы жарақат алды. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің айтуынша, химиялық газды лап ете түскен. »»»

"Нұрбанктың" топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың мәйіттерін сараптау аяқталды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
17 Маусым, 2011 11:18 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 176

Бүгін Бас прокуратура өкілдері оның қорытындысын жариялады. Тексеру жұмыстарын немістің "Шаритэ" дәрігерлік университетінің мамандары жүргізіпті. Құзырлы орын өкілдері, марқұмдар қатты азапталған деп отыр. »»»

Жол апаты

Орташа рейтинг : 5.75 Қайдан 4 Дауыстар
3 Маусым, 2011 12:02 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 328

Қызмет бабында жүріп жол апатына ұрынған полиция қызметкерінің халі мүшкіл. Майор Әнуар Байтұрсынов қазір Алматы қаласындағы №12 аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Естеріңізге сала кетейін, кеше қаланың қақ ортасында 35-бағыттағы автобус полиция мінген көлікті қаққан ед. Қазір апатқа қатысты тергеу жүргізілуде. »»»

Қатерлі ішек ауруы

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар
1 Маусым, 2011 11:35 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 191

Бұл ауру Германиядан басқа елдерді де бүріп барад. Швецияда бір адам көз жұмды. Стокгольм тұрғыны - Скандинавиялық елде көкөністен қайтыс болған алғашқы адам. Ал Германияда қиярдан тараған кеселден қаза тапқандар саны 14-ке жетті. »»»

Шымкентте адам ұрлауға қатысты қылмыстың беті ашылды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
26 Мам., 2011 12:02 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 199

Үш жас азамат ірі компанияның бір қызметкері үшін ақша талап етпек болған. Ал оның компанияда қарапайым темір ұстасы болып істегенін ескермеген. Қаскүнемдер кісі ұрлағаннан кейін бірнеше сағаттан соң ұсталды. »»»

Астанадағы жарылыс салдары

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 1 Дауыстар
25 Мам., 2011 13:22 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 264

Астанадағы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу абақтысы маңында болған жарылыстан екі адам қаза тапты. Бұл лаңкестік әрекет емес. Ішкі істер министрлігі осындай мәлімдеме жасап отыр. »»»

Стр. 1 из 89  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  >  »



арнасы бойынша сұрыптау тәртібімен
Срочно daikin Хорошие:::лыжи купить:::ремонт ноутбуков киев:::брендовая одежда оптом Asian food online - asian grocer . Flat rate shipping 4.99 in US.
Алкогольные напитки Ром, бренди гавана клаб | najlepszy szyby samochodowe | стоимость интернет магазина, wgshop.
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.5492 & 9 Сұрау