Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет  Сіз осы категорияны қарап жатырсыз 
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары




Мәдениет
Стр. 1 из 45  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  >  »

Нефертити Астанаға келді

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 1 Дауыстар
26 Тамыз, 2010 09:17 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 15

Астанада ежелгі Мысыр елінің патшайымы Нефертитидің көшірмесі таныстырылды. Аты аңызға айналған әйгілі ханшайымның сұлбасы Кайрдағы Көне жәдігерлер жөніндегі кеңестің ұйғаруымен әзірленген. Бюст үлгісіндегі ескерткіш Қазақстан мен Мысырдың мызғымас достығының белгісі. »»»

Ана тілді құрметте...

Орташа рейтинг : 4.33 Қайдан 3 Дауыстар
25 Тамыз, 2010 09:26 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 34

Тілге құрмет - елге құрмет. Бүгін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мемлекеттік тілді жетік меңгергендігін бір дәлелдеді. Сайыс әдеттегідей, аударма өнері, мақал-мәтелдер жарысы, мемлекеттік тілде құжатайналымы, іс жүргізу бойынша өткізілді. Байқауға Төтенше жағдайлар департаментінің барлық құрылымдарының қызметкерлері қатысты. »»»

Қала күніне дайындық

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
24 Тамыз, 2010 09:52 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 10

Қала күнін тойлау мерекесіне жергілікті билік дайындық шараларын бастап кетті. Бұл думанды мереке 18-қыркүйекке жоспарланып отыр. Бұл күні концерттік шаралар орталық Абай алаңы мен "Орал" ойын-сауық кешенінінің алдында өткізіледі. Сонымен қатар, қалалық әкімдіктегілер қазақ эстрадасының белгілі жұлдыздарының шақырылатындығын айтуда. »»»

Орал аруы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
24 Тамыз, 2010 09:50 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 16

Ақылына көркі сай оралдық арудың есімі белгілі болды. "Орал аруы-2010" байқауында бұл жолы 10 бойжеткен бақ сынады. Байқауға дайындық жұмыстары бірнеше айға созылған. Бұған дейінгі ағымдық сындардан сүрінбей өткен бойжеткендерден үздік ондық іріктеліп, бүгін міне қорытынды сында олардың әрқайсысы жеке-дара сарапқа салынбақ. »»»

Ақкенженің асуы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
23 Тамыз, 2010 09:57 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 14

Ерекше сән үлгілерін жасаушы, танымал жерлесіміз Ақкенже Девятко Оңтүстік Корея елінде болып қайтты. Бұл елде Алматы қаласы мен Қазақстан күндері өткізілген болатын. Жерлесіміз Оңтүстік Кореяға Алматы қаласының әкімдігінің арнайы шақыртуымен барыпты. »»»

Қала күніне даярлық

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
23 Тамыз, 2010 09:56 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 12

Қала күнін тойлау мерекесіне жергілікті билік дайындық шараларын бастап кетті. Бұл думанды мереке 18-қыркүйекке жоспарланып отыр. Бұл күні концерттік шаралар орталық Абай алаңы мен "Орал" ойын-сауық кешенінінің алдында өткізіледі. »»»

Суретшілер көрмесі

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
30 Шілде, 2010 09:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 78

Қаламызда кезекті мәрте қолөнер туындыларының көрмесі ашылды. Көрме өз жұмысын 23-шілде күні бастады. Мұнда оралдық қолөнер шеберлерінің алпыстан астам туындылары қойылған. Көрме "Әсемдік - шығармашылықтың шынайы қуанышы" деп аталады. »»»

"Сіз кімсіз, Ка мырза?"

Орташа рейтинг : 7.33 Қайдан 3 Дауыстар
16 Маусым, 2010 15:10 ["Отырар-ТВ" телеарнасы, Шымкент]
Қаралымдар: 138

Шымкентте киносүйер көпшілік асыға күтіп жүрген көркем фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. "Қазақфильм" киностудиясы түсірген жаңа туындыны көрермендермен бірге басты кейіпкердің рөлінде ойнаған Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов те тамашалады. »»»

Сахнада журналистер

Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 1 Дауыстар
8 Маусым, 2010 11:09 ["Отырар-ТВ" телеарнасы, Шымкент]
Қаралымдар: 100

Қолына қалам ұстаған журналистер өздерін сахнада көрсетуге тырысты. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында қаламызда алғаш рет ән,поэзия,жыр додасы ұйымдастырылды. Оған жергілікті телеарналар мен басылымдардың қызметкерлері қатысты. »»»

Әдеби-тарихи бал

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар
31 Мам., 2010 15:36 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 216

Рудный қаласында осымен 21-ші рет мектеп және колледж оқушыларына арналған әдеби-тарихи бал өтті. Қатысушылар полонез, вальс, менуэт секілді көне билерді ғана билеп қоймай, тарихи немесе әдеби қахармандарды да сомдай білді. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»

Тілге құрмет-елге құрмет

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 4 Дауыстар
27 Мам., 2010 12:33 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 138

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында "Тілге құрмет-елге құрмет" атты іс-шара оздырылды. Шараға облысымызда тұратын әр түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. "Тілге құрмет-елге құрмет" іс-шарасы "БҚО жаңа толқыны" жастар қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылып отыр. »»»

Тәуелсіздік жетістіктері мұражай төрінде

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
24 Мам., 2010 10:21 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 95

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Тәуелсіздіктің жетістіктері" атты республикалық акция аясында көрме оздырылды. Шараның мақсаты - тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында барша жұртты еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру. »»»

Халықаралық мұражайлар күні

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
19 Мам., 2010 10:38 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 86

Бүгін - бүкілэлемдік мұражайлар күні. Бұл атаулы күн бүгінде барша әлемде атаулы күн мәртебесіне ие болды. Соған сәйкес, биыл да қаламыздағы мұражайлар кәсіби мерекелерін ескерусіз қалдырмады. Экология мұражайында таңертеңгі сағат 10-нан бастап, жануарлар әлеміне саяхат жасалса, ал тарихи өлкетану мұражайы қалалықтарға ақысыз ашық есік күнін ұйымдастырды. »»»

Қазақ драма театрында «Көшкін» жүруде

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
17 Мам., 2010 15:28 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 84

Орал қаласындағы қазақ драма театрында жаңа премьера! Жаңа шығарма «Көшкін» деп аударылған. Туындының авторы - түрік драматургі Түнжер Джюдженглу. Шындығында, бұл - санада өтіп жатқан құбылыс. Қойылымға тау шатқалдарының бірін мекен еткен шағын ауылдың өмірі арқау болған. »»»

Тілге құрмет - елге құрмет

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
14 Мам., 2010 12:05 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 107

Бүгін кеденшілер арасында мемлекеттік тіл тұғырын нығайтуіды көздеген республикалық семинар басталды. Екі күнге созылар жиын барысында қазақ емес ұлттың өкілдері мәртебелі тілді қаншалықты меңгергендігін сарапқа салмақ. »»»

Екі ел арасындағы мәдени байланыс

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
14 Мам., 2010 11:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 87

Бүгін Батыс Қазақстан халқы кіші ассамблеясының өкілдері Әзірбайжанның Қазақстандағы бас консулы Рашад Эйнаддин оглы Маммадовпен кездесті. Өңірімізге келген құрметті мейман екі ел арасындағы мәдени байланыстардың даму барысымен танысты. »»»

Мәншүк мұражайында

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
29 Сәуір, 2010 15:35 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 135

Жеңістың 65-жылдығына орай Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың мұражайында "Фронтавичко" әскери әйелдер клубының мүшелерімен кездесу болып өтті. »»»

"Алтын жебе"

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
28 Сәуір, 2010 17:07 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 102

Ұйымдастырумен қатар, жерлестеріміз фестивальге бұл жолы да жаңа дүниесін дайындапты. Жазушы Дулат Исабековтің қаламынан туған Мұңлық- Зарлық аңызын залға жиналған қалың жұрт алғашқы болып тамашалады. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»

Отансүйгіштікті насихаттау шарасы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
28 Сәуір, 2010 11:30 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 81

Патриоттық және әскери-спорттық клубтарының облыстық слеті басталды. Жастар арасында отансүйгіштікті насихаттау мақсатында ұйымдастырлып отырған шараға облыстың ауыл аудандарынан 15-ке тарта әскери клубтар қатысты. »»»

Жеңісті жақындатқан ноталар

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
28 Сәуір, 2010 11:26 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 93

Тап осындай атаумен Орал қаласындағы Жәңгірхан атындағы БҚАТУ әскери-патриоттық әндер фистивалі болып өтті. Жеңістің 65 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада сұрапыл соғыс жылдары қан кешкен отан соғысының ардагерлері үшін концерттік бағдарлама даярланды. »»»

Би кеші

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
28 Сәуір, 2010 10:00 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 91

Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында ҚР халық әртісі, Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты Болат Аюханов басқаратын ҚР мемлекеттік академиялық би театры концерт қойды. Ұлы Жеңістің 65-жылдық мерейтойына арналған шарада, сұрапыл соғыстың сын сағаттарын суреттейтін сәттер көптеп кездеседі. »»»

Жәнібек - ең үздік аудан

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
28 Сәуір, 2010 09:33 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 84

Батыс Қазақстан облысының әкімі жБақтықожа Ізмұхамбетов ең үздік ауыл, ауылдық округ және аудан орталығы конкурсының жеңімпаздарын жариялады. 5 млн теңгені иеленіп, 1-ші орынды еншілеген аудан Жәнібек ауданы болды. Ал 2-ші орынды тақымға қысып, 3 млн.теңгені қанағат тұтқан Жымпиты ауылы болды. »»»

"Жұлдыз-ай" шығармашылық фестивалі

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
26 Сәуір, 2010 10:47 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 81

Батыс Қазақстан облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат қабырғасында "Жұлдыз-ай" шығармашылық фестивалі оздырылды. Онда мүмкіндігі шектеулі жеткіншектер өз қолөнер туындыларын көрсетіп, ішкі жан-дүниелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Толық ақпарат келесі бейнематериалымызда.. »»»

"Алтын микрофон" халықаралық ән байқауы

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 2 Дауыстар
23 Сәуір, 2010 16:33 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 102

Қостанайда "Алтын микрофон" атты сегізінші халықаралық вокалистер байқауы гала-концертпен аяқталды. Іріктеу туры 29 наурыздан бастап жүрді. Онда 300-ге жуық балалар өз өнерлерін көрсетті. Тек үміткер ғана жүлдегер атанды. Беларуссиядан келген 13 жастағы Даша Михайлова бас жүлдені жеңіп алды. »»»

"Ер жүрек Мәншүк" патриоттық-әндер байқауы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
22 Сәуір, 2010 15:56 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 120

Бүгін Орал қаласында "Ер жүрек Мәншүк" атты аймақтық 1-ші патриоттық әндер байқауы басталды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында қолға алынып, 2 күнге жалғаспай өнер додасы аймақтық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізіліп отыр. »»»

Ұлы Жеңіске арналған көрме

Орташа рейтинг : 2.38 Қайдан 8 Дауыстар
16 Сәуір, 2010 10:48 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 200

Бүгін қаламыздағы көрме залында Жеңістің 65 жылдығына арналған сурет көрмесі ашылды. Көрмеге кәсіби суретшілермен қатар қала, аудан мектептерінің, сондай-ақ Сәкен Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебі оқушыларының туындылары қойылған. "Жеңіс жұлдызы" тақырыбындағы көрмеден 60-қа тарта туындыларды тамашалауға болады. »»»

Патриоттық сабақ

Орташа рейтинг : 4.00 Қайдан 1 Дауыстар
15 Сәуір, 2010 10:40 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 146

9-мамыр мерекесіне санаулы күндер қалды. Осы мерекеге орай, оралдағы соғыс және тыл ардагерлерінің тізімі нақтылануда. Қарт жауынгерлерге жеңіс мерекесіне орай, алар мемлекеттік сыйақылары саналды. Мереке жақындай түскен сайын ардагерлердің қарапайым халыққа айтары молая түседі. »»»

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ғылыми жұмыстар

Орташа рейтинг : 4.11 Қайдан 9 Дауыстар
15 Сәуір, 2010 10:33 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 232

Бүгін Орал қаласында Ұлы жеңістің 65-жылдығына арналған студенттер мен жастар арасында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. БҚО ішкі саясат басқармасы мен облыстық "жас ғалымдар" қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған конференцияға өңіріміздің арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, сонымен қатар ҰОС мен тыл ардагерлері арнайы қатысты. »»»

"Менің халқым" фестивалі

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
12 Сәуір, 2010 16:23 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 88

Батыс Қазақстан облысында этно-мәдени бірлестіктер "Менің халқым" атты жаңа фестиваль ұйымдастырды. Фестивальге түрлі ұлыс өкілдері белсене қатысты. Көңілді ән-билермен өрілген тұңғыш фестиваль туралы келесі бейнематериалда толығырақ. »»»

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында

Орташа рейтинг : 4.38 Қайдан 13 Дауыстар
8 Сәуір, 2010 12:02 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 443

Ұлы жеңістің 65 жылдығына арналып қаламызда арнайы диарама жасалмақ. Бүгінде бұл іске Ғабдолла Тоқай мұражайының 4 бірдей шебері кірісіпті. Олар мұны Ұлы Жеңіс күніне сыйлық ретінде арнап, 9-мамыр мерекесінде салтанатты түрде табыстамақ. »»»

"Жас қалам" әдеби бірлестігінің ашылуы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
8 Сәуір, 2010 11:51 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 135

Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-де қазақ поэзиясында өзіндік өлең өрнегімен, ақындық қуатымен таныла білген жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиев атындағы "Жас қалам" әдеби бірлестігінің ашылуы болып өтті. Салтанатты шараға атлмыш жоғары оқу орынының ректоры Тұяқбай Рысбековпен тіл, жыр жанашырлары жиылды. »»»

"Ақжайықтың қызғалдақтары"

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
2 Сәуір, 2010 10:11 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 111

Бүгін Орал қаласында осындай атаумен жергілікті суретшілердің көлөнер көрмесі өткізілді. Келушілер назарына ұлттық стильдегі туындылар мен табиғат көріністері ұсынылды. »»»

Жастар слеті

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
1 Сәуір, 2010 09:38 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 106

Батыс Қазақстан облысында республикалық "Атамекен" туристік-өлкетану экспедициясы отрядтарының кезекті слеті өз мәресіне жетті. Бұл шара өңіріміздегі балалар туризмінің 50 жылдығына және жеңістің 65 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Облыс аудандарынан келген 70-ке тарта жас турист өз біліктіліктерін көрсетті. »»»

«Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» олимпиадасы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
30 Наурыз, 2010 10:48 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 125

Өткен аптада қаламызда шетелде тұратын қазақ балалары арасында VII халықаралық олимпиада басталған болатын. Бүгін байрақты білім бәсекесінен озып шыққан жас өрендер марапатталды. Бұл жолғы олимпиада «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» деген тақырыппен өткен болатын. »»»

Мерекелік медаль

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
30 Наурыз, 2010 10:29 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 98

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 65 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды. Осылайша, бұл медальмен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де еңбегі сіңген адамдар наградталады. »»»

Мұражайға саяхат

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
30 Наурыз, 2010 10:07 ["МТРК" телеарнасы, Петропавл]
Қаралымдар: 105

Жетім балалар үйінің жасөспірімдері бейнелеу өнері мұражайына саяхаттады. Қылқалам шеберлерінің еңбектерімен танысқан жеткіншектер психология ғылымының докторы, әрі ғалым Василий Шандыбинмен кездесіп, әуенді шай рәсімін тамашалады. »»»

Жаңа қойылым

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
30 Наурыз, 2010 10:03 ["МТРК" телеарнасы, Петропавл]
Қаралымдар: 103

Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры да үлкен мерекеге қызу дайындалуда. Бұл шаңырақта аз күнде жаңа спектакль жарық көрмек. Алайда, қойылым балаларға емес, ересектерге арналған. Біздің арнаның түсіру тобы тың спектаклдің алғашқы көрермендері атанды. »»»

"Театр мейрамы 2010"

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
30 Наурыз, 2010 10:00 ["МТРК" телеарнасы, Петропавл]
Қаралымдар: 105

Солтүстік Қазақстан облысында 4-ші "Театр мейрамы 2010" байқауы басталды. Өнер бәйгесіне Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры М.Жұмабаев поэмасының желісімен алынған "Батыр Баян" трагедиясымен түсті. Қойылым жұртшылықтың көңілінен шықты. »»»

Армысың, әз Наурыз!

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
19 Наурыз, 2010 15:32 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]
Қаралымдар: 170

Наурыз мейрамын қаламыздағы барлық мекемелер атап өтуде. № 6-шы мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушылары көпшілік назарына ұсынған мерекелік шарадан олардың көктемгі көңіл-күйі мен шығармашылық таланттарын байқау қиын емес. »»»

"Жігіт сұлтаны" байқауы өтті

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 2 Дауыстар
18 Наурыз, 2010 17:38 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]
Қаралымдар: 272

Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кеңінен баян ететін сайыстар жиі өтіп тұрады. Солардың бірі ердің ерлігі мен өрлігін сарапқа салатын " Жігіт сұлтаны" байқауы. Бүгін Абай атындағы әмбебеп кітапханада қала колледждерінің студенттері осы байқауда өнер көрсетті. »»»

Қош келдің, Наурыз!

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
17 Наурыз, 2010 14:30 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]
Қаралымдар: 141

Семейліктер Шығыс халқының ұлттық мейрамы Наурызды тойлауды бастап та кетті. Әсіресе, білім ошақтары мен арнаулы және ЖОО-ның студенттері келе жатқан атаулы күнге тыңғылықты дайындалуда. Шәкәрім атындағы СМУ-ті колледжінің студенттері де ұлттық құндылықтардан сыр шертер меркелік шараға ат салысты. »»»

Көрісу мейрамы

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
16 Наурыз, 2010 11:22 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 228

Аға буынның көңілін аулаған жастар қариялар үйіне ат басын бұрды. Көрісу Айтына орай, арнайы барған олар қарияларды атаулы күнмен құттықтады. Бұл шараны облыстық жастар қауымдастығы мен "Жас қанат" Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастырыпты. »»»

Мәуліт күні

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
16 Наурыз, 2010 11:19 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 100

Оралдықтар әсері әдемі рухани кештің куәгері болды. Хазіретті пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с туған күні - мәуліт мерекесі аталып өтілді. БҚО орталық мешітің бас имамы Смайыл Сейтбековтың ұйымдастыруымен өткен кешке қала басшылығы да қатысты. »»»

"Сен өз қалаң үшін не істедің?"

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
15 Наурыз, 2010 11:07 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 178

"Сен өз қалаң үшін не істедің? " атты акцияны ұйымдастырған қала басшылығы шаһар тазалығына ат салысатын азаматтарға ұйтқы болуда. Естеріңізге сала кетейік бұл бастама ақпан айында басталған еді. Бұл істің нәтижесі де жоқ емес. Қала көркіне шырай берем дегендердің үздігі де анықталды. »»»

Әнші Ленни Кравец актерлік салаға бой ұрмақ

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
11 Наурыз, 2010 10:49 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 112

Ол түсіру алаңына атақты Роберт де Ниро және Хью Джекманмен бірге шығады. Атақты әнші шынайы оқиғаларға негізделген "Сельма" драмалық фильміне түспек. Онда 1957-58 жылдарда АҚШ-тың оңтүстік штаттарында орын алған жастар қозғалысы жайында баяндалады. »»»

Гарри Поттер уланып қалды.

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
11 Наурыз, 2010 10:37 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 120

Актер Даниел Радклиф Нью-Йорктің медициналық орталығына жатқызылды. Онда ол денесінің ылғалсыздануына қарсы ем қабылдады. Даниел ауруханаға Еуропадан келе салысымен түскен болатын. Ол жақта жас актер гомосексуалистердің өзіне өзі қол жұмсауларына қарсы бағытталған қайырымыдылық шарасына қатысқан еді. »»»

Саша барон Коэн киімдерін қара түске ауыстыруы мүмкін

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
11 Наурыз, 2010 10:25 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 104

Күлдіргі актер "Қара киінген адамдар" атты қиял-ғажайып фильмінің үшінші бөліміне түсуі мүмкін. Фильмнің алғашқы екі бөлімі табысты болғаны белгілі. Аталмыш фильмге Коэннен басқа "Кондордың ұшысы" фильміне түскен Джемейн Клементе және "Қарттарға бұл жерде орын жоқ" фильміне түскен Джош Бролин де үміткер саналуда. »»»

Алек Болдуинің өкініші

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
11 Наурыз, 2010 10:08 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 103

Голливуд жұлдызы Алек Болдуин өзінің жас әріптесі Леонардо ди Каприоға қызыға қарайтындығын мәлімдеді. Болдуин қазір 51 жаста. Ол өзінің еңбек жолының Леонардоныке секілді жемісті болмай жатқандығына өкінеді. Ол ди Каприоны "Алып жұлдыз" деп атайды. Болдуин мен ди Каприо бірге "Авиатор" және "Шалыс басқандар" фильміне түскен. »»»

"Ымырт" фильмінің жұлдызы Роберт Паттинсонның балауыздық мүсіні жасалды

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
11 Наурыз, 2010 09:57 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 105

Мыңдаған жанкүйердің қуанышына қарай, енді "Ымырт" фильміндегі жеңсікқұмар қанішерді мадам Тюссо мұражайынан тамашалауға болады. Мүсінді жасауға 300 мың доллар кеткен. Оны 4 ай жасапты. Паттинсонның балауыз сыңары Нью-Йорктегі мадам Тюссо мұүражайына наурыз айында қойылатын болады. »»»

Мереке күні дүние есігін ашқан нәрестелер

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
10 Наурыз, 2010 09:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 119

Халықаралық әйелдер күні мерекесінде Орал қаласының басшылығы облыстық перинаталдық орталыққа барды. Айтулы мереке күні дүниеге сәби әкелген аналарды екі бірдей қуанышымен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Талғат Нығметов мырза, ана атанғандарға сый жоралғыларды ұсынды. »»»

Стр. 1 из 45  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  >  »



арнасы бойынша сұрыптау тәртібімен
пошив штор Насыщенный красный
строительные блок контейнеры | Наше праздничное агентство сделает все самостоятельно, качественно и в срок
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.3806 & 9 Сұрау Серверді жегу: 5.07