Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив  Сіз осы категорияны қарап жатырсыз 
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары




Эксклюзив
Стр. 1 из 4  1  2  3  4  >  »

Үй үстіндегі үйеңкі

Орташа рейтинг : 2.50 Қайдан 4 Дауыстар
7 Маусым, 2011 11:47 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 355

Орал қаласының Достық-Дружба даңғылында тұрған ескі ғимараттың бір бөлігі үйеңкі ағашына айналған. Бір қызығы өскен ағаш үйдің шатырынан бастау алған. Қазір үйеңкінің биіктігі 2 метрге жетіп отыр. Өсімдіктің өмірге құштарлығы таңқалдырарлық. Себебі, ағаш өз тамырын шатыр мен кірпіштерге жібергендей. »»»

Қазылық рекорд

Орташа рейтинг : 8.00 Қайдан 5 Дауыстар
14 Ақпан, 2011 12:01 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 397

Қазақтың қазысы екінші рет әлем рекордын жаңартты. Қысық көз көршілеріміздің таңдайын қақтырған ұзындығы 213,2 метр қазы "дүниежүзілік гиннес рекордтар" кітабына енгізілді. Бәрекелді дейтін іс жасаған қандастарымызбен ғаламтор арқылы сөйлесудің сәті түсті. »»»

Тәтті бөлме

Орташа рейтинг : 3.33 Қайдан 3 Дауыстар
4 Ақпан, 2011 16:54 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 370

Қабырғалар, шатыр, ішкі жихаздар - барлығы шоколадта. Шымкентте көптеген тәттіге құмарлардың айы оңынан туды. Жергілікті тұрғын тәтті деликатестен ерекше бөлме жасады. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»

Құпия шұңқырлар

Орташа рейтинг : 7.50 Қайдан 2 Дауыстар
25 Қаңтар, 2011 12:28 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 352

Бөрлі ауданы, Березов ауылдық округі маңында ұзындығы 4-5 м жерге ойылып түскен шұңқыр пайда болған. Бұрын соңды мұндай жағдайды көрмеген ауылдықтар тосын жайтқа алаңдаулы. Қарашығанақ кен орнының дәл іргесіне орналасқан Березов ауылы мұнайлы аймаққа жатқандықтан, бұл дабыл негізсіз емес. »»»

Адамша сөйлейтін тотықұс

Орташа рейтинг : 5.29 Қайдан 7 Дауыстар
13 Желтоқсан, 2010 15:23 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 678

Сөзге шебер құс! Қала тұрғыны Галина Драздованың Яша деген тотықұсы кәдімгі адамша сөйлейді. Шаңырақтың шаттығын көтеріп, әр сөзімен көңілді жадырататын ғажайып құс соңғы кездері айтқан сөзді қайталаудың орынына өзі сөз құрастыруды үйренген. Таң қаларлық табиғат тамашасымен танысып қайтқан тілшіміз әңгімелеп берсін. »»»

Саммитхан

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
30 Қараша, 2010 16:49 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 373

Астанада ЕҚЫҰ саммитіне орай дүние есігін жаңа ашқан бір нәрестеге "Саммитхан" деген есім берліген. Бөбек 19 қарашада Астана қаласының №1-ші перзентхнасында дүниеге келген. Оның салмағы 3,2 кг, ал бойы 51см-ден сәл асады. Сибидің анасы Индира: "Атамыз осындай айтулы шараға орай немересін Саммитхан деп атады"- дейд »»»

Әулиенің аса таяғы

Орташа рейтинг : 4.50 Қайдан 8 Дауыстар
21 Қыркүйек, 2010 11:07 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 626

Бекет Атаның аса таяғы, ұлы сопының киген шапаны, шәкірттеріне оқыған қара құраны мен мал-жан емдейтін дұғалары жиналған кітаптар. Бұндай қасиетті жәдіргерлер Ақтау қаласында өткен халықаралық көрме барысында жұртшылыққа көрсетілді. Кейбір экспонаттар 200 жыл бойы жарық көрмеген екен. »»»

Яссауи кесенесінің күмбезі құлағалы тұр

Орташа рейтинг : 5.11 Қайдан 9 Дауыстар
16 Қыркүйек, 2010 12:42 ["Отырар-ТВ" телеарнасы, Шымкент]
Қаралымдар: 538

Орталық Азиядағы теңдессіз тарихи жәдігерден айрылып қалуымыз мүмкін. Түркістандық тарихшылар осылай деп дабыл қаға бастады. Айтуларынша осыдан жеті жыл бұрын жасалған қалпына келтіру жұмыстары кезінде судан қорғау және вентиляция жүйесі бұзылған. »»»

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
14 Қыркүйек, 2010 14:48 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 341

Астанада жоғары санаттағы оққағаралар арасында турнир өтіп жатыр. Онда Белоруссия, Украина және Қазақстаннан барлығы 16 команда қатысуда. Бұл адамдар мемлекет басшысын қорғайтындар. Екі турдың қорытындысы бойынша Қазақстан және Белоруссия президенттерінің күзет қызметі алда келеді. »»»

Полицейлер арасында суицид жиілеп барады

Орташа рейтинг : 4.33 Қайдан 3 Дауыстар
10 Қыркүйек, 2010 09:35 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 313

Елімізде өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштаспақ болған азаматтар қатары артып келеді. Мысалы, былтыр 66 адам өзін өлімге қиса, биыл олардың қатары 80-нен асыпты. Айта кетелік, олардың арасында ішкі істер органдарының қызметкерлері де кездесіп тұрады. »»»

Полицейлер арасында суицид жиілеп барады

Орташа рейтинг : 1.50 Қайдан 4 Дауыстар
10 Қыркүйек, 2010 09:35 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 407

Елімізде өз-өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштаспақ болған азаматтар қатары артып келеді. Мысалы, былтыр 66 адам өзін өлімге қиса, биыл олардың қатары 80-нен асыпты. Айта кетелік, олардың арасында ішкі істер органдарының қызметкерлері де кездесіп тұрады. »»»

Оралдықтар халықаралық ит көрмесін тамашалады

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
7 Қыркүйек, 2010 09:26 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 450

Жарысқа тек Орал ғана емес, көрші Ресейдің бірнеше облысының жүзге тарта итбегісі келіп, бағын сынады. Ал қаламыздан 12 әуесқой ғана қатысуға тілек білдіріпті. Итті жеті қазынаның біріне балаған қазақтың қаракөздері бүгінгі байқауда саусақпен санарлық, солардың бірі - Манап ағамыз. »»»

Шалқар көлін жүзіп өткен жүзгіш

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
28 Шілде, 2010 16:43 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 453

Батыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Әмірхан Мауқұлов Шалқар көлін жүзіп өтті. Арасында қайыққа көтеріліп, тыныстаған ол жалпақ көлді 9 сағаттың ішінде жүзіп өтті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Шалқардың ең алшақ жағалауы он шақырымнан асады. »»»

Жүз жасаған ана

Орташа рейтинг : 6.33 Қайдан 12 Дауыстар
18 Наурыз, 2010 10:19 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 1,616

Жуықта Орал қаласында аяулы аналардың бірі ғасырмен теңесті. 100 жасқа толған Аққайша Берсебаева бүгінде 11 баласының арасында берекелі ғұмыр кешуде. Оның айтуынша, аталған жасқа аман-есен жетуіне бауыр еті балаларының мейірімі себепші болса керек. »»»

"Қара жорғаны" құбылтқан қария

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
17 Наурыз, 2010 14:33 ["ТВК-6" телеарнасы, Семей]
Қаралымдар: 609

Семейде биді, оның ішінде ұлттық биді меңгерген қария тұрады. Жасы 80-нен асқан қазыналы қарт ағайын-туыстың той-томалағының сәнін келтіріп, буын биі - "Қара жорғаны" мың құбылтып, талайды таңдай қақтырып жүр. " Бұл әрекетім ұлттық өнердің бір мысқалы ұрпағыма үлгі бола ма дегендік "- дейді Имаммәди Түсіпбек. »»»

Кітап сыйлау күні

Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 2 Дауыстар
21 Қаңтар, 2010 13:09 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 531

Қостанайда тұңғыш рет кітап сыйлау күні өткізілді. Кітапханашы мамандардың айтуынша осылайша жастардыың классикалық әдебиетті оқуға қызығушылықтарын арттыруға болады. Алғаш рет мұндай шара Алматыда өткізілген екен. Енді міне Қостанайда өткізіліп отыр. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»

"Магнит"-адам

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
19 Қаңтар, 2010 11:00 ["5-канал" телеарнасы, Қарағанды]
Қаралымдар: 575

Қарағанды қаласының 21 жасар тұрғыны осыдан үш аптадан астам уақыт бұрын өзінің ерекше қасиеті бар екенің аңғарған. Артем Висич металлдан жасалған қасық, кітап, ұялы телефон сынды заттарды денесіне магнитше жабыстыра біледі.Өзгелерде жоқ, ерекшелік жайында тілші бейнематериалы. »»»

Қазақстанға математика пәнінен 1,5 мың ұстаз қажет

Орташа рейтинг : 4.67 Қайдан 3 Дауыстар
15 Қаңтар, 2010 09:28 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 521

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабеков мәлім етті. Соңғы 2-3 жылдың ішінде 12 жылдық білім беру саласы бойынша 30 мың ұстаз қайта даярлаудан өтті. »»»

Инспектор-гинеколог

Орташа рейтинг : 6.25 Қайдан 4 Дауыстар
25 Желтоқсан, 2009 10:29 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 631

Міндетін мүлтіксіз атқарар жол сақшыларының қызметінде түрлі қызықты оқиғалар жиі кездеседі. Соның бір мысалы ретінде шаһарға кіре берістегі полиция бекетінде болған оқиғаны айтсақ та болады. Қатардағы инспектор толғақ қысқан жүкті келіншекті сәтті босандырып алды. »»»

Арыстанның үш күшігі

Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 2 Дауыстар
16 Қараша, 2009 13:20 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 645

Шымкенттің хайуанаттар бағында тамыз айында туылған арыстанның үш күшігі қысты енді вольерде емес ветеринардың үйінде өткізетін болады. Өйткені аналары Нафа олардан бас тартыпты. Ол аналық сезімінен табан асында жұрдай болған. Балалары туыла слысымен оларды емізуден бас тартқан. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»

Қасқырдан төнген қауіп

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
21 Қазан, 2009 11:13 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 580

Батыс Қазақстан өңірінде қасқырдан төнген қауіп күшейіп барады. Өткен жылдың өзінде 12 азамат жабайы жыртқыштардан жапа шеккен еді. Шалғайдағы ауылдардың бірінде бейбіт тұрғындарды дүрліктірген қасқырдың кесірінен бірнеше ауылдық жарақат алған еді. Мылтықпен атып алынған соң ғана ол тыныш тапты. »»»

Орталық Азияның алып жігітін аштық алып жықты

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
13 Қазан, 2009 09:21 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 707

Бойы екі жарым метр Қырғызстан азаматы бір жыл құр нан мен қара суды ғана талғажу етіп келіпті. Аштықтан бұралып, ауруға шалдыққан азаматты қияндағы Нарын даласынан саяхатшылар Бішкекке арқалап келген. Қазір ауруханада емделіп жатыр. »»»

Күзгі қолайсыздық

Орташа рейтинг : 4.00 Қайдан 1 Дауыстар
9 Қазан, 2009 09:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 601

Күздің алғашқы жауыны алғашқы жайсыздықтардан да белгі берді. Бұл қолайсыздық Орал қаласының маңындағы ықшамаудан тұрғындарына қатысты. Көлдей шалшықты кешіп өткен көліктер су астындағы шұқырларға түсіп кетіп, жүргізушілердің жүйкесін жұқартуда. Ал жүргіншілер аялдамаға жеткенше толарсақтан саз кешеді. »»»

120 жастағы кейуана

Орташа рейтинг : 3.50 Қайдан 4 Дауыстар
25 Қыркүйек, 2009 08:46 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 948

Әлемдегі ең көп жасаған тұрғынның бірі - оңтүстік қазақстандық Алтынай Сейдазимова. Кейуана биыл 120 жасқа толды. Сарыағаш ауданы, Береке ауылында тұратын оның үлкен ұлы тоқсанды алқымдаған. Алайда, өзінен 417 ұрпақ тараған әжей ең аз зейнетақы алып отыр. »»»

Құпия құжаттар көрмесі

Орташа рейтинг : 2.71 Қайдан 7 Дауыстар
28 Тамыз, 2009 09:17 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 703

Бүгін егемен Қазақстаннның бүкіл тарихы Ұлттық мұрағаттың көрме залына сыйып кетті. Мұнда алғашқы декларация мен маңызды құжаттардың тұпнұсқалары қойылды. Мұрағатта егемен елдің қалыптасуы кезінде бекіген 50 мыңға жуық құжат сақтаған. Көрмеге алғашқы конституциямызды жазуға атсалысқан ел ағалары да қатысты. »»»

Мектепке «Дін негіздері» сабағы енгізілмек

Орташа рейтинг : 3.51 Қайдан 43 Дауыстар
26 Тамыз, 2009 09:04 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 1,493

Білім министрлігінің ұйғарымымен биылғы оқу жылынан бастап жаппай барлық мектептерде «Дін негіздері» сабағы өткізілетін болды. Дін ілімдерін жоғары сынып оқушылары меңгермек. Оқулық жайы, діни тәлім беретін арнайы мамандар бар ма? »»»

Жаңарған икон

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
11 Тамыз, 2009 11:11 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 525

Павлодар облысының Песчаный ауылында шіркеуде ілулі тұрған икона өзінен-өзі жаңара түсті. Христос бейнеленген ескі иконаның былайша құбылуы жұртшылықты таңдандырып отыр. Әулие Илья шіркеуіндегі көне бейне осыдан бірнеше жыл бұрын қабырғаға ілінген. «Әбден қарайып кеткен тақтайдан ешқандай бейне көрінбейтін» деп еске алады шіркеу қызметкерлері. »»»

Қазқақстандық "Ирокез"

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
4 Тамыз, 2009 12:35 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 565

Құнды дүние Есіл өзенінің жағалауынан шыққан. Тастан ойып жасалған адамның бас келбетіне қарап, археологтар бұл еуропеоид нәсілді жігіттің мүсіні деп болжауда. Қола немесе темір дәуірінде өмір сүрген адамның шашы ғалымдарды таңдандырып отыр. »»»

Саяжай-мұражай

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
30 Шілде, 2009 13:20 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 587

Қызылжар қаласының тұрғыны Михаил Абрамов өз саяжайын көркем туындылар мұражайына айналдырды. Кәдімгі пластмасса бөтелкелерді тіліп, сан түрлі гүлдермен безендіріп қойған. Мына араның бейнесі қарапайым иогурттың қабынан жасалған. »»»

Жамбыл облысында мал ұрыларына қарсы жаңа технология қолданысқа енгізілді

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
29 Шілде, 2009 14:12 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 672

Құны 10 АҚШ доллары тұратын шағын «чип» жылқы еті мен терісінің арасына қондырылады. Бұл малдың қай жерде жүргенін анықтауға мүмкіндік бермек. Тәртіп сақшыларының бастамасы ұрлық-қарлықты азайтуға септігін тигізеді деп күтілуде. »»»

Шатырдағы қазына

Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 1 Дауыстар
28 Шілде, 2009 09:07 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 574

Ескі үйдің орнына жаңа баспана салу үшін оны бұзуға кіріскен қала тұрғыны Александр Вилков күтпеген жерден осындай олжаға кенелді. Үйдің төбесін бұзу кезінде оған шатырдан шаң басқан қап кездескен. »»»

Ресейлік ғарышкерлер аспанға ұшпай-ақ Марсқа барып қайтты

Орташа рейтинг : 5.67 Қайдан 6 Дауыстар
15 Шілде, 2009 10:06 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 761

Бүгін «Марс-500» жобасының аясында құрылған халықаралық экипаж жабық бункерден шықты. Тәжірибелік құрам 105 тәулік бойы қызыл планета жағдайында өмір сүрді. Мәскеуде өткен ғылыми тәжірибеге алты адам қатысты. »»»

Таразда бір мезгілде 6900 балапан жұмыртқа жарды

Орташа рейтинг : 5.50 Қайдан 2 Дауыстар
13 Шілде, 2009 14:20 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 620

Инкубаторда бұрын-соңды мұндай көлемде шөжелер жарық көрмеген. Енді балапандар шетелдік тауық етін алмастыруы тиіс. Бройлер кросс титан тұқымы екі килограммға дейін ет береді. Қазір бір балапанның құны 130 теңге болса, жетілгеннен кейін оның келісі 300 теңгеге жетеді екен. »»»

Атырау облысында 80 жастағы әже 80 түйе бағады

Орташа рейтинг : 4.62 Қайдан 47 Дауыстар
10 Шілде, 2009 15:05 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 1,180

Кейуана қолынан шыққан тіл үйірген шұбаттың дәмі өңірдегі тұрғындардың бәріне таныс. Зәру әжейдің мұндай кәсіппен 20 жасынан айналысып келеді. Зәру әжейдің жасы 80-ді алқымдаса да әлі тың. Өрістеген малдарын жиі аралап кайтады. Түйелер болса иесін бірден таниды. »»»

Қолға үйренген бөдене

Орташа рейтинг : 3.46 Қайдан 13 Дауыстар
27 Мам., 2009 10:54 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 1,203

Қызылорда облысында түз құстарын қолға үйреткен шаруа тұрады. Бөдене өсіру жеке әуес қана емес, пайдалы да кәсіпке айналды. Қазір қанаттың қарауында 300-ден астам бөдене бар. Олар үшін көктемде арнайы жоңышқа шөбін өсіреді. Жиде жапырақтарымен қоректендіреді. Әзірге құстары емдік қасиетіне бола іздеушілердің пайдасына жарап тұр. »»»

Үш аяқты балапан

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
20 Мам., 2009 11:37 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 609

Қостанайда тосын оқиға тіркелді. Құс фермаларының бірінде үш аяқты балапан дүниеге келді. Балапан әдеттегідей сарғылт емес, қара түсті. Құс баптаушыларды бәрінен бұрын таң қалдырып отырғаны - қос аяғына қоса, арқа тұсына тағы бір сирақ біткен. »»»

Қызылордалық диқандар күрішті аэропланмен егуді қолға алуда

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 2 Дауыстар
14 Мам., 2009 09:22 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 634

Осы күндері Сыр бойына аспаннан ақ маржан жауып жатыр. Қызылордалық диқандар күрішті трактормен емес, аэропланмен егуді қолға ала бастады. АН-2 ұшағына 1 тонна 200 келі күріш сыяды. Аэроплан 500 гектар жерге күрішті небәрі бір аптада сеуіп өтеді. Мұндай тәсіл тиімді, - дейді шаруалар. »»»

Үйінен қоқыс шығармайтын зейнеткер

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 2 Дауыстар
5 Мам., 2009 08:58 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 698

Керекулік зейнеткер Александр Золотарев қаржы дағдарысында басы артық шығынға жол бермейтін тәсіл ойлап тапты. Азын аулақ зейнетақысын коммуналдық қызметке төлегенше бас тартқалы отыр. Тапқыр ақсақал күнделікті қоқысын далаға тастамай өз пайдасына жарата бастады. »»»

Құнды жәдігер

Орташа рейтинг : 3.70 Қайдан 20 Дауыстар
28 Сәуір, 2009 09:10 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 1,084

Президенттік мәдениет орталығы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Алаш арысы, қайраткер, ақын Міржақып Дулатов киген тайжақы мұражай қорына өтті. Асыл бұйым орталыққа қалай келді? Тайжақы – тай терісінен жасалған тон. Міржақов Дулатұлы мұны 1925 жылы еврейдің ісмер тігіншісіне арнайы тіккізген көрінеді. »»»

Нейрохирургтер мұрын арқылы миға операция жасады

Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 5 Дауыстар
8 Сәуір, 2009 11:09 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 752

Астаналық нейрохирургтер мұрын арқылы мидағы ісікті алып, зағип болып қалған науқастың көз жанарын қалпына келтірді. 67 жастағы Аманжол Мейрамұлы миында ісік бар екенін қаңтар айында бірақ білген. Тұмауға шалдықтым деп жүрген Аманжол ағаның күтпеген жерден жанары жоғалып, су қараңғы болып қалады. »»»

Монета сарайы

Орташа рейтинг : 6.00 Қайдан 2 Дауыстар
6 Сәуір, 2009 12:28 [ТК "Сфера", Темиртау]
Қаралымдар: 818

Қарағандыда естіген жұртты таң қалдыратын монета сарайы ашылды. Онда ғажайып қаржы құралы дайындалады. Жаңа ақшаның авторлары “Дефектал” деп атаған тиын арқылы әлем жұртын қаржылық дағдарысқа ұшыратқан АҚШ валютасының тұрақсыздығы мен кемшілігін әжуалауға тырысқан. »»»

Сақалы 2 метр 13 сантиметрлі мұғалім

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
2 Наурыз, 2009 12:33 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 960

Үндістан азаматы Рамавтар Дастың сақалының ұзындығы 2 метр 13 сантиметрге жетіпті. 52 жастағы мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін 17 жасынан бастап сақалын бір рет те қысқартпапты. Рамавтар Дастың табиғи байлығын көршілері жиі өлшеп тұрады екен. Айтуларынша, сақал айына 14 сантимерге ұзарып отырады. »»»

Психометриялық тест

Орташа рейтинг : 2.43 Қайдан 53 Дауыстар
2 Наурыз, 2009 10:45 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 1,711

Болашақта мемлекеттік қызметтегі жемқорлар саны азаяды. Бүгін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің алқа отырысында агенттік төрағасының міндетін атқарушы Арын Өрсәриев осылай деді. Ол үшін психометриялық тест арқылы мемлекеттік қызметкерлердің ісіне адалдығы тексеріледі. »»»

Мектеп ішіндегі телеарна

Орташа рейтинг : 7.29 Қайдан 7 Дауыстар
27 Ақпан, 2009 09:20 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 1,410

Астанадағы №38 қазақ мектебінде екі жылдан бері мектеп телеарнасы жұмыс істейді. Мұндағы тілшілер талантты оқушылар, ал көрермендері - әзірге ата-аналары. Балалар түрлі тақырыптағы бағдарламалар дайындау үшін ертеден кешке дейін мектеп қабырғасында жүреді »»»

Қазақтың билогиялық таңбасы

Орташа рейтинг : 8.75 Қайдан 4 Дауыстар
26 Ақпан, 2009 11:07 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 829

Қазақ сәбилерінің жамбасында көк таңба міндетті түрде болады екен. Табаны күректей 30 жыл тәжірибесі бар акушер-гинеколог Бақыт Әйімбетова осыны байқаған. № 2 перзентханада күніне 17-18 сәби жарық дүние есігін ашады. Тең жартысы қазақ балалары. »»»

Әлемдегі ең кәрі аже

Орташа рейтинг : 7.04 Қайдан 23 Дауыстар
30 Қаңтар, 2009 08:45 [ТК "Эра", Астана]
Қаралымдар: 1,041

Әлемдегі ең кәрі әжей Өзбекстанның Төрткөл қаласында тұрады. Құжаттарына сай, Тути Юсупова биыл 129 жасқа толады. Қарияның осыншама жасқа жеткенін тіпті, туыстары да аңғармай қалған. Олар Өзбекстанның билеуші партиясының өкілдері ел тәуелсіздігінің 14-жылдық тойына жасы 100-ден асқан адамдар тізімін жинап, жүрген кезде ғана әженің куәлігіне көз жүгірткен. »»»

Жеке коллекция

Орташа рейтинг : 3.00 Қайдан 2 Дауыстар
26 Қаңтар, 2009 08:55 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 629

Орал қаласының тұрғыны Павел Черненков түрлі дәуірдегі монеталарды жинаумен әуестенеді. Бүгінде оның коллекциясында осындай көне жәдігерлердің 100-ден астам данасы мен қағаз ақшаның 150-ге жуық түрі бар. Бұл іспен ол 1974-жылдан бастап шындап шұғылдана бастаған көрінеді. »»»

11 жасар суретшінің көрмесі

Орташа рейтинг : 4.50 Қайдан 6 Дауыстар
19 Қаңтар, 2009 08:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 838

Бүгін Орал қаласы кітапханаларының бірінде 11 жасар кішкене өнерпаздың жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмені тамашалағандар жас балғынның талантына тәнті болды. Ал мамандар жас талапкердің сурет салу техникасының аса күрделі екендігін айтады. »»»

Жаңа жылдық лампалар

Орташа рейтинг : 1.50 Қайдан 4 Дауыстар
6 Қаңтар, 2009 17:33 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 859

Биылғы жаңа жылда кеншілер қаласы Қарағандыда 40 шақты жасыл шырша түрлі-түсті электр жарығымен сәнделген. Ал, осынау керемет мерекеде мұз тайғақтан қорғану мақсатында, Джонни Кайф тұрғындарға арналған аяқ киімнің табанына жабыстырылатын зімпара қағазын ойлап тауыпты. »»»

Еуропалық үлгідегі жаңа павильон

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар
19 Қараша, 2008 16:12 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]
Қаралымдар: 1,022

Алматыда жыртқыш аңдарға арналған еуропалық үлгідегі жаңа павильон ашылды. Жануарлар бағындағы темір торлар, енді айнадан жасалған қақпандарға ауыстырылды. Оның бір жағы жаздық, ал, екінші жағы қыстық маусымға лайықталған. Ол торға қазір бірнеше ақ арыстандар жайғастырылды. »»»

Стр. 1 из 4  1  2  3  4  >  »



арнасы бойынша сұрыптау тәртібімен
Ремонт холодильников киев:::ремонт айфона:::установка кондиционеров киев:::Советую купить smeg Купить:::Куплю туристическую палатку
ремонт мягкой мебели
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 2.1595 & 9 Сұрау