Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Алдағы бірер жылда Орал қаласының шеткі аумағында әдемі аллея пайда болмақ. Қазір әуежай мен қала шетіндегі Подстепный елді мекені аралығына жас көшеттер отырғызылуда. Бүгінде 200 түп егілген. Қазір жас өскіндерді сұғанақтардан қорғау үшін қоршау орнатылып жатыр. »»»
Бүгін қаламызда "Жайық-Каспий экологиялық" департаменті мен "Жас эколог" жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен кезекті конференция болып өтті. "Табиғатты қорғау-болашақты ойлау" атты кезекті шараға қала мен облыс аудандарындағы барлық арнаулы және орта оқу орындарының жастары тартылған. »»»
Семей өңіріндегі қарағайлы орманда заңсыз ағаш отаушылар саны азаймай тұр. Қылмыстың осы түрінің алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар мәз емес. Семей орманына қатысты қалалық әкімиятта өткен жиында осы және басқа да мәселелер сөз болды. »»»
Республика бойынша "Менің атаулы ағашым" атты жаппай жасыл желек отырғызу акциясы өтуде. Бұл шараға оралдық жастар да белсене қатысуда. Акция аясында өлкеміздің табиғатын көркейту, қаламызды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қолға алынып отыр. »»»
Қоршаған ортаның ластануын төмендетудің 2009-2018 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру арқасында ауа біршама тазарған түрі бар. Мамандар дерегінше, жыл соңына дейін ауаға тасталатын зиянды газдар 8-10 мың тоннаға дейін қысқарады деген болжам жасалған. »»»
Балықсыз қалмаудың амалы
2 Қыркүйек, 2009 12:19 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 357
Жайық-Касспий бассейніне бекіре тұқымдас балығының 7 миллионнан астам шабағы жіберілді деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Мамандардың пайымынша, аталған бассейнде бекіре тұқымдастарының саны табиғат ресурстарын қарқынды пайдалану барысында күрт төмендеген. »»»
Бүгін түнде Жер шарының түкпір-түкпірінде жұлдызды жауын жауды. Мамандардың айтуынша, бұл жылына бір рет қайталанып отыратын табиғи құбылыс.
Жұлдызды жауын түнде байқалды. Астрономдардың айтуынша, биыл метеориттердің саны жылдағыдан көп. »»»
Ақжайық өңірінің экологиялық проблемаларымен енді жастар белсенді түрде айналыспақ. Жуырда облысымызда "Жас эколог" Жастар Қоғамдық Бірлестігі құрылды. Бірлестік алдына қойып отырған мақсат жайық жағалауы табиғатын апаттан құтқару жолдарын іздестіру, экологиялық проблемаларға бұқара назарын аударту. »»»
Асан ауылы аумағындағы карьерде орналасқан бұл өткелге күндегісін қаладағы контейнерлерден шағын көліктермен жиналған күл қоқыс жеткізіледі.Осы жерде арнайы орнатылған құрылғы арқылы сыймдылығы үлкен ірі көлікке тиеледі. Содан кейін ғана жиналған қалдықтар қалалық күл-қоқыс полигонына жол тартады. »»»
Қаһарлы қыстың қыраулы күндерін артқа тастап, көктем де келіп жетті. Жер-ана құлпырып, айнала жасыл желекке бөленетін бұл кезде табиғат пен бірге адамдар да ерекше күйге енеді. Бұл жайттің шындық екенін медицина да дәлелдеген. Жылдың осынау мезгілінде адамдар ажарлана түседі - дейді психолог мамандар. »»»
Табиғатқа келтірілген залалдың өтемін алпауыт компаниялардан өндіріп алуға соттар кедергі келтіріп жатыр. Бас прокуратура қызметкерлері бүгін баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Олар кейбір сот шешімдерінің негізсіз екенін анықтаған. Соның салдарынан тек табиғат емес, мемлекеттік қазына да зардап шегіп отыр. »»»
"Арсерол Миттал Теміртау" компаниясы басшылығы қоршаған ортаны қорғауға байланысты 3 жылға арналған жоспар қабылдаған. Онда 21 ірі жобалар енгізілген. Қазіргі қаржылық дағдарысқа орай биылғы жылы компания басшылығы 5 жобаны іске асыруды шешіпті. Екі маңызды жоба коксихимөнідірісінде қарастырылған. »»»
Құсбегілік мирас
10 Ақпан, 2009 15:23 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 502
Құсбегілік атадан балаға мирас болып қалуы тиіс! Ақтөбеде осындай мақсатты көздеген Республикалық «Бүркітші» жарысы өтті. Ұйымдастырушылар бұл өнерді балалар арасында кеңінен насихаттау керек дейді. 17 саятшы қатысқан сайыста,
Ақтөбеліктер бүркітті қолдан ұшырып, жем алдыруды бірінші рет көрді. »»»
Қызылордада қалалық мәслихатта экономика, аумақтық даму өндіріс салалары, ауыл шаруашылық, сауда, экология және бизнес жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде қала аумағындағы саяжайларға көрсетілетін түрлі қызмет деңгейлері мен қаңғыбас иттерді жою мәселесі кеңінен қаралды. »»»
Қанатты аңшы
28 Қаңтар, 2009 15:46 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 490
Қазақстанның бесінші саяткерлік чемпионатына орай, Қарқаралыда әлем бүркітшілері бас қосты. Бәйгеге тек тәжірибелі аңшылар ғана емес, сондай-ақ, саяткерлікке ден қоя бастаған жас жеткіншектер де қатысты. Айталық, 10 жасар Ермек Иманзайыпов атасы мен әкесінің кәсібін жалғауды, ең ұлы армандарының бірі деп біледі. »»»
Иесіз мысықтар баспанамен қамтылады
6 Қаңтар, 2009 17:13 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 480
Лисаковск қаласында қаңғыбас мысықтарды баспанамен қамту көзделіп отыр. Осындай бастама көтерген топ мүшелері, бүгінде қаржы полициясынан қолдау талап етуде. Алайда, мұндай қоғамдық жұмысты жандандыруда қалталы қала тұрғындары айтарлықтай жаңсақтық танытып жатқан сыңайлы. »»»
Табиғат - елдегі ең ірі нарық көзі
5 Желтоқсан, 2008 12:57 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 863
Табиғат - пайдаланушыларға қызмет көрсету инвестициялардың көлемі жағынан елдегі ең ірі нарық болып отыр. Аталған пікірді ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің Алматыда өткен 20-шы пленарлық мәжілісінде мәлім етті. »»»
Жер-жаһанды шарлап шыққан белгілі оралдық саяхатшылар - Сергей мен Александр Синельниктер жас жеткіншектермен кездесті. Олар жуырда осы өңірдегі Нарын құмын жаяу жүріп өтіпті. Жиһанкездердің айтуынша, Орал өңірінің әсем табиғаты Австралиядан кем түспейді. »»»
Бүгінде Арал теңізінің сонау 60-70 жылдардағы кейпін жоғалтқаны әлемді алаңдатып отыр. Табаны тартылған сайын ондағы су маржандарының тұқымы жойылып барады. Десек те, кәрі теңіздің тағдырына немқұрайды қарамайтын жандар да жоқ емес. Сондай-ақ, бүгінде балық шаруашылығын дамыту үшін 7 млн. теңге қарастырылған. »»»
ҚазГидромет орталығының мамандары хабарлағандай, күздің соңғы айы қарашада жауын-шашын жиілей түседі. Батыстан соғатын жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Ал айдың орта кезіне қарай және соңында тұман түсуі ықтимал. Ауаның орташа айлық температурасы 4-7 градус аяз аралығында болады. »»»
Қарағандыда қаңғыбас ит-мысық атаулыдан қалай құтылуға болатындығы жөніндегі мәселе "Забота" қоғамдық қоры қолға алған шарада қаралды. Мал дәрігерлері болса, "егер билік қаржылай көмектессе, арнайы ем-домнан кейін аталмыш жанурлардың агрессивтіліктері де сап тыйылып, адамдарға ұмтылуларын қояды"- деген ойда. »»»
Синоптиктер хабарлағандай, 2008 жылдың қыркүйегіндегі ауаның температурасы көп жылдық нормамен салыстырғанда 1-2 градусқа жоғары болмақ. Жауын-шашынның негізгі бөлігі - айдың екінші онкүндігінде түседі деп болжанып отыр. Ал айдың соңында ауаның температурасы, тіпті 20-25 градусқа дейін көтеріледі. »»»
"Бишофиттік" тазалық...
22 Тамыз, 2008 19:25 [, ] Қаралымдар: 588
Астана қаласының коммуналдық қызметкерлері өз кезегінде қаланы шаңнан арылтудың жаңаша әдісін қолдануда. "Бишофит" деп аталатын құрамында түрлі химиялық қоспасы бар шаң басқыш құрал өзінің тиімділігін алғашқы күннен бастап дәлелдеген. Қазір ол суға араластырылып, Астананың барлық көшелеріне себіліп жатыр. »»»
21-ші тамыз күні Атырау облысының Қарабау ауылында қатты соққан желдің салдарынан 32 жеке тұрғын үй, екі білім нысаны және үш әлеуметтік-тұрмыстық нысандардың шатырлары қираған. Оқиға 16 сағат 50 минутта болған. Желдің соғуы 20 минутқа созылған. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен ешкім жоқ. »»»
Балықтар қырылған...
21 Тамыз, 2008 19:34 [, ] Қаралымдар: 981
Астанада осыдан бірнеше күн бұрын Нұра-Есіл каналында балықтар қырылған. Көп мөлшерде болмаса да, бұл мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Олар оқиға орнына барып, судың сынамасын сараптамаға жіберген. Бірақ, қазірше толық тұжырымдама дайын емес. Ал сарапшылар оған өздерінше топшылау айтып отыр. »»»
Теміртау қаласында үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап, Нұра су қоймасында су тазалағыш биологиялық бөгеттің құрылысы салынуда. Жалпы тазалағыш жабдықтан қаланың және комбинаттың барлық қалдық сулары өтеді. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 50 пайызы орындалды. Ал қалғаны қазан айында аяқталуы тиіс. »»»
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында 28 гектар орман шаруашылығы мен Түркістанда 157 гектар алқапты тілсіз жау шарпып үлгерген. Табиғат апатынан келген шығын 500 мың теңгені құрайды. Әзірге оңтүстіктегі қорықтар өрттен аман-сау. Десе де қорық жанынан өрт сөндіру бөлімін ашуға мұндағы мамандардың қаржысы болмай тұр. »»»
Шымкент қаласы ауасының ластығы еліміз бойынша Алматы қаласынан кейінгі екінші орында тұр. Шымкенттегі ауаның 80 пайызы формальдегид деп аталатын улы қоспадан тұрады. Ол негізінен автокөліктерден шығатын зиянды газдардан құралады. Сонымен бірге ауа температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын, оның адам ағзасына тигізетін кері әсері де ұлғая түседі, - дейді мамандар. »»»
Қарағандыдағы балық зауытының Вейса шағын инкубаторларының әрқайсысында миллионға жуық тұқым бар. Алайда олардың бес пайызға жуығы ғана өсіп шығады. Бұл балық тұқымдары болашақта қала маңындағы су қоймаларын толтырмақ. Биылғы уылдырықтардың алғашқы легі қала тоғандарына жіберілді. »»»
Шардара су қоймасында су жетіспеушілігі байқалуда. Мамандар тамыздың басына қарай көлдің мүлдем суалып қалу қаупі бар екенін айтады. Осыған орай еліміздің су ресурстары комитеті су қоймасына тасталуы тиіс судың мөлшерін бекітті. Алайда қолға алынып жатқан шараларға қарамастан көлде қиын жағдай қалыптасуы мүмкін екенін мамандар жоққа шығармайды. »»»
Республикадағы бірегей дендрарий бағы қурауға жақын. 30 жылға жуық уақыт бұрын отырғызылған мыңдаған ағаштардың суғарылмағанына 20 күннен асты. Ал оған жасыл желек аймағы шыдас бермейді. Саябақ басшылығы бұл қиындықтың орын алуына Шымкент қала әкімдігі мен Оңтүстік су шаруашылығы мекемесі кінәлі дейді. »»»
Былтыр Қарағандыда жаңа туған сәбилер гүлзары пайда болған болатын.
Ботаник Ортай Абдрахманов жас талдарды дер кезінде сақтап қалмаса, жаңбыр көрмеген жасыл желектердің жағдайы қыл үстінде екенін айтады. Күтімсіз қалған жас ағаштар жергілікті атқарушы биліктің назарынан тыс қалуда. »»»
Қандыағаш қаласын жағалай ағып жатқан кіші Қарағанды өзені санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай емес. Судың құрамын зерттеген Ақтөбе облыстық табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері осындай тоқтам жасап отыр. Тексеру нәтижесінде қадағалаушы орган заңды бұзған шаруашылықтарға қарсы бірқатар шараларды қолға алды. »»»
Қарағанды облысының барлық туристері мамыр мерекесінде дәстүрлі түрде Қарқаралы жеріне жиылады. Мұнда қалыптасқан әдет бойынша табиғат аясында туристік көпсайыс өтті. Айта кетелік, биылғы жылы сайысқа жиналғандар мен демалуға келгендердің қатары шамамен 400-ге тарта адамды құрайды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордық көрсеткіш. »»»
Аталмыш экологиялық фестиваль Теміртаудағы №16-шы орта мектепте өткізілді. Жеті жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл шара 22 сәуір - бүкіл әлемдік жер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Фестивальге оқушылармен қатар мұғалімдер, қаланың бас экологы мен мәслихат депутаттары қатысты. »»»
Биыл "Невада-Семей" ядролық жарылыстарға қарсы қозғалысының құрылғанына жиырма жыл. Осыған орай бүгін облыс әкімдігінде "Жаңа ғасырға-таза экологиямен" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға қозғалыстың Ақтөбедегі мүшелері мен республикалық бірлестіктің бірінші вице-президенті келді. Дөңгелек үстел барысында Ақтөбе облысының экологиялық ахуалы сөз болды. »»»
10-cәуір мен 10-мамыр аралығында Орал қаласы бойынша санитарлық-экологиялық айлық өтуде. Айлық көздеген мақсат- қаланы барынша тазарту. Яғни таза ауыз су құбырларын жөнге келтіріп, оттегі көзі жасыл желек санын арттыру. Аулаларды жайландырып, қала көшелерін абаттандыру. »»»
Қарағанды облысындағы Шахтерский елді-мекеніндегі су тоғанында балық атаулы қырылуда. Бұл жағдай көктем шыққалы байқалып келеді. Қазір балық шаруашылығының мамандары оны тексеруге алды. Алайда, олардың пікірінше, бұл табиғи құбылыс болып табылады. »»»
Алматы обылысының елу мыңнан аса тұрғынына су астында қалу қаупі төніп тұр. Төмен жерде орналасқан елді-мекендерге миллиард тонна су кетуі мүмкін. Сорбұлақ су қоймасының мәселесі осыдан он жыл бұрын көтерілгенімен әлі күнге дейін нақты шешімін таба алмай келеді. »»»
"Байқоңыр" ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Мәселе, өткен жылдың 6-қыркүйегінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданында құлаған “Протон-М” зымыран тасығышынан туындап отыр. »»»
Жаңа жылдық шырша қатаң бақылауда
6 Желтоқсан, 2007 10:14 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 709
Биыл жаңа жылдық шыршалар облыс әкімдіктерінің тапсырыстары негізінде және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің рұқсатымен мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін ғана босатылады. Тұрғындарға тек Ресей және Қырғызстаннан әкелінген жаңа жылдық шыршаларды сатуға рұқсат беріледі. Қалған жағдайларда жаңа жылдық шыршаларды сатуға тыйым салынған. »»»
Шымкенттегі Комсомол көлі қайтадан су айдынына айналады. Бұл мәселеге байланысты қала әкімі Анарбек Орман арнайы шешім шығарды. Көл жанындағы 600 гектар жерге бау-бақша дақылдары егіледі. Қайта жөндеу жұмыстарының құны қазірше 630 миллион теңгені құрап отыр. »»»
Қыркүйек айының аяғында Қарағанды облысына құлаған "Протон-М" зымыран-тасығышының елімізге келтірген шығыны қанша? Бұл мәселе кеше Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында талқыланды. »»»
Жыл сайын Орал қалалық полигонға 80 мың тонна көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтар келіп түседі. 1975 жылдан бергі келе жатқан полигон толып, жабылуы тиіс. Облыстық бюджеттен жыл сайын қалдықтарды қайта өңдеуге қаражат бөлінгенмен, оралдықтар күл қоқыстың астында қалудың аз-ақ алдында. Экологтар осы мәселеге қатысты дабыл қағуда. »»»
Ақмола обылысындағы бірқатар су қоймалары жыл санап тартылуда. Бұған басты себеп не? Қазақстандағы өзен көлдердің тазалағы мен сапасы қандай? Бұл сұрақтар, бүгін Елордада Қазақстан бассеиндік кеңес мүшелерінің талқысына түсуде. Кеңес өкілдерінің есебіне жүгінсек, Ақмола обылысының өзінде жеті жүзден астам су қоймасы бар. Оның екі жүзден астамы жеке иеліктерге жалға берілген. »»»
Шымкенттің іргесінде орналасқан Жайлау ықшам ауданының тұрғынының ауласына биыл еккен тәжіқораз гүлі келген адамдарды таң қалдыруда. Отағасы отырғызған гүл осындай ғажайып болып гүлдейді деп ешкім ойламаған еді. Бұл да бір табиғаттың тосын сыйы болар дейді оған таң - тамаша қалған тұрғындар. »»»
Елордада тағы бір тазалық жұмасы ұйымдастырылды. Бұл жолы Сарыбұлақ өзені қоқыстан тазартылды. Дегенмен мұндай жұмыстарға бұл өңір тұрғындараның көңілі толмайды екен. Сарыбұлақ өзені терең болмаса да, әр апта сайын бұл жерден 40-50 тонна қоқыс шығарылады. Бұл дегеніміз, 10 жүк көлігі. »»»
Шығыс Қазақстан облысында Радициялық қауіпсіздік және экология институты Шаған өзенінің экологиялық жүйесін техногендік радионуклидтермен ластану деңгейіне жүргізген зерттеуді аяқтады. Жүргізілген мониторинг Шаған өзенінің тритиймен ластанғандығы туралы деректі растаған. Шаған өзенінің тритиймен ластану деңгейі тиісті мөлшерден 10 есеге артқан. »»»
Астанада әрбір үшінші автокөлік ауаға улы газ шығару нормаларын асыра пайдаланып келеді. Бұл - қоршаған ортаны ластаумен қатар адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осыған орай елорда аумақтық экологтары мен жол полициясы бірігіп, "Таза ауа" шарасын бастады. »»»
Астананың қоршаған ортаны қорғау басқармасы ауаны ластаушы көліктермен күресуге шықты. Экологиялық полицейлердің қолдарында - Ресейде жасалған "Мета 01" құралы. Бұл жабдықпен көліктердің ауаға қанша улы зат шығаратыны бақыланады. Мамандар қалада көліктердің 30 пайызы экологиялық талаптарды сақтамай отырғандығын айтады. »»»