Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам  Сіз осы категорияны қарап жатырсыз 
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары




Қоғам
Стр. 1 из 337  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  >  »

Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
9 Ақпан, 2012 11:43 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 1

Қазір полиция торға түскен келімсектердің қылмыс жасаған жасамағанын анықтауға кірісті. Құшағы ашық елімізге ағылатын жұт қонақтар жайлы келесі материалда. Олардың 371 шетел азаматтары,352 өзіміздің Қазақстан азаматтары және жеке тұлғалар.Оның 63 осы қабылдау, тарату орнына қабылданды. »»»

Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
9 Ақпан, 2012 11:17 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 5

Қазақстанның отын қауымдастығы осылай деп дабыл қағуда. Елордада өткен баспасөз маслихатында қауымдастық өкілдері жанар май тапшылығы заңнамадағы кедергілерден орын алуы мүмкін деп отыр. Себебі Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, 1-і ақпаннан бастап барлық көтерме тасымалдаушылар міндетті түрде тіркелуден өтулері керек. »»»

Көкек әкелер

Орташа рейтинг : 4.00 Қайдан 1 Дауыстар
8 Ақпан, 2012 15:39 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 8

Алимент десе ат тонын ала қашатын көкек әкелердің саны жыл санап артуда. Тек Алматы қаласында ғана осындай 5 мың 363 іс қалалық сот департаментінде қарауда жатыр. Араларында мемлекеттік қызметкерлер де өріп жүр. Ең сорақсы 5 мыңнан астам борышкердің бір жылда тек 27 сі ғана әкімшілік жауапкершілкке тартылыпты. »»»

Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
8 Ақпан, 2012 15:33 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 5

Қалалық жолаушылар тасымалдау басқармасы өзгерністерді интернетке іліп қойдық- дейді. Өткен жылы метроның іске қосылуы шаһарымыздағы қоғамдық көліктердің жүрісін тиімді ете түсуді қажет қылды. Нәтижесінде көлік және коммуникация институты қалалықтар пікірін ескере келе, ел мұқтаж бағыттарды анықтады. »»»

Орындалмаған уәде

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
8 Ақпан, 2012 15:30 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 3

Даудың басы "Қазмұнайгаздың" шалалығынан басталған. Бұл компания Алматы муниципальді паркінің автобустарын үздіксіз газбен қамтамасыз етуі тиіс еді. Тіпті тендер аларда көгілдір отын құюға арналған тағы үш бекет салып береміз деп уәде еткен. Бүгінде бұл уәде жерде қалып, бар болғаны екі бекет іске қосылыпты. »»»

Жалған полистер

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
8 Ақпан, 2012 15:28 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 4

Қаржылық қадағалау агенттігінің бастамасымен былтыр біріңғай көлік сақтандыру жүйесі қолдансқа енгізілді. Талап бойынша барлық сақтандыру бланкілері бірдей болуы тиіс еді. Алайда 2 ай өтпестен ебін тапқан алаяқтар ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланған. Жүргізушілердің селқостығын пайдаланған "пысықтар" жалған құжаттарды саудаға салған. »»»

Қазақстандық азаматтардың құқын қорғауға арналған ұлттық жоспар

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
8 Ақпан, 2012 15:26 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 6

Евгений Жовтис бір аптадан соң өз орнына, қызметіне оралады. Бұл жайында елордада өткен 2009-2012 жылдарға арналған адам құқытары саласындағы ұлттық жоспарды орындау үдерісіне сарапталық шолу туралы дөңгелек үстел барысында айтылды. »»»

Жолынан адасқандар жалғыз үмітінен айырылмақшы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
8 Ақпан, 2012 15:25 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 3

Қарағанды облысындағы нашақорлар мен ішімдікке салынғандарды оңтайландыру рухани орталығы жабылыр қалу шегінде тұр. Қазақстан бойынша әр облыста көп дегенде 3-5 нашақорлар мен ішімдікке салынғандарды адасқан жолынан дұрыс жолға салып жатқан оңтайландыру орталықтары жұмыс істеп жатыр. »»»

Жалақы дауы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
6 Ақпан, 2012 16:50 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 10

Түрік компаниясы түбімізге жетіп тынатын болды. Бүгін 2 ай бойы еңбекақы алмаған 40-қа жуық құрылысшы наразылық шарасын ұйымдастырды. Олар“Мирич Груп” компаниясы әуелде жалақы сұрағандарды қаңғытып жіберем деп қудалайтын, ал соңғы уақытта көк тиын бермеймінге шықты дейді. »»»

Заңсыз діни ағым

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
3 Ақпан, 2012 14:14 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 27

Талдықорғанда "Таблиғи жамағат" діни ағымын қаржыландырып, сектанттарға ғибадатхана салып берген "Ислам Жолы" серіктестігінің директоры тұтқындалды. Сот санкциясымен қамалған Сурхаевтың өзі тіркелмеген ұйымның белді мүшесі болып шықты. »»»

Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
3 Ақпан, 2012 14:09 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 15

Атақты экстремист Ишимбетовтың жандайшаптарына қатысты сот үкімі шықты бүгін. Қадыржан Қыдыров пен Долкун Маметовтан қарулы жасақ бір сәтке де көз жазған емес. 6 адамды өлтірді деп айыпталған қылмыстық топ мүшелері өте қауіпті дейді заң органдары. »»»

Жер саудасы

Орташа рейтинг : 2.00 Қайдан 1 Дауыстар
3 Ақпан, 2012 14:04 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 14

Жекеменшік тұрғын үй салуға инфрақұрылымы жоқ жерлерден жер телімі берілмейтін болады. Сондай-ақ, биылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстанда ауыл шаруашылықты мақсаттағы жерлерге жаппай түгендеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мәселе бүгін Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа отырысында сөз болды. »»»

Түрмеден босап шыққандарды қоғамға бейімдеу

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 2 Дауыстар
27 Қаңтар, 2012 11:36 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 37

Елімізде жазасын өтеуден босатылғандарды қоғамда өз орнын табуға бейімдейтін орталықтар жұмыс істемей отыр. Осының салдарынан бүгінде Қазақстанның түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың 49 пайызы қайта сотталғандарды құраса, 63 пайызы жазасын қайта өтеуде. »»»

Орта білім жүйесіне батыстық жаңашылдық

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
27 Қаңтар, 2012 11:31 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 35

Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жаңашылдық қажет. Ол үшін халықаралық тәжірибені қолдана отырып, мұғалім мен оқушы арасындағы еркін сұхбатты дамыту керек. Отандық мұғалімдер қауымы Кембридж университетінің педагогтары өткізген семинар кеңестен соң осындай ұйғарымға келіп отыр. »»»

Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай режимі сақталуда

Орташа рейтинг : 5.40 Қайдан 5 Дауыстар
26 Қаңтар, 2012 11:38 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 44

2011 жылдың 16-ы желтоқсанында орын алған Жаңаөзен оқиғасына бүгін 40 күн толды. Жаппай тәртіпсіздікте 16 адам оққа ұшып, қаза болған еді. қақтығыстың нақты неден басталғаны әзірге тергелуде. Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай режимі сақталуда. »»»

Үкіметтегі ауыс-түйіс аяқталды

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
25 Қаңтар, 2012 11:14 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 27

Енді бұрынғы басшысымен қайта жаңарған Үкімет әлемді алаңдатып отырған қаржылық дағдарыспен күреске дайындалмақ. Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімов өзінің үш орынбасары Қайрат Келімбетов пен Серік Ахметовтің және Ербол Орынбаевтың атқаратын міндеттерін бөліп берді. »»»

Астық экспорты

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
25 Қаңтар, 2012 11:07 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 11

Өткен жылдың қыркүйек -желтоқсан айларында қазақ бидайының 4,1 млн тоннасы экспортталды. Ал ел ішінде 1,8 млн тонна астық тасымалданды. Бүгін Ауылшаруашылық министрлігі апта сайынғы дәстүрлі баспасөз маслихатының алғашқысын өткізіп, онда ел астығының бүгінгі-жай күйін баяндады. »»»

Қазақстанда "доңыз" тумауы жоқ

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
25 Қаңтар, 2012 10:25 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 10

Бірақ, Қытаймен шекарадағы бақылау күшейді. Еліміздің бас санитары бүгін елордада осындай мәлімдеме жасады. Жандарбек Бекшин былтырмен салыстырғанда биыл тұмау тұрғындарды тұншықтырмады дейді. Суық түскелі тұмауды республика бойынша 415 мың адам жұқтырған. »»»

Тұрғын үй бағасы

Орташа рейтинг : 3.67 Қайдан 3 Дауыстар
24 Қаңтар, 2012 15:49 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 37

Соңғы кездері жылжымайтын мүлік нарығындағы баға тұрақтанған сияқты. Қазір Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрі шамамен 1400 доллар шамасында. Бұның өзі сатушыға тиімді ал алушыға ауыр тиіп тұр. Десекте банк саласы мамандары алдағы уақытта үй құны өсе түседі дейді. »»»

Ядролық қауіпсіздік аясындағы кездесу

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
24 Қаңтар, 2012 11:46 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 17

Үстіміздегі жылдың наурыз айының орта кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Барак Обаманың екі жақты кездесуі жоспарлануда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады. Тараптар Сеуіл қаласында ядролық қауіпсіздікке арналған екінші саммит барысында кезедеседі деп күтілуде. »»»

Хайуан әке

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
24 Қаңтар, 2012 11:44 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 43

Өгей баласы мен туған қызын зорлаған педофил сот шешімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал жас қыздарды жезөкшелікке итермелеп, оларды сатып сауда жасаған Алматылық әйел 10 жылға жазаға тартылды. Бұл жайныда бүгін Жоағрығ соттың дәстүрлі брифингінде айтылды. »»»

ҚР Парламентінің 5-ші шақырылымы өз жұмысын бастады

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
23 Қаңтар, 2012 11:32 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 19

Парламенттің 5 шақырылымының 1-і сессиясының ашылуы болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа депутаттарға жалқау болмай жұмыс істеуді нақтылап тапсырды. Парламент Мәжілісінің төрағасы лауазымы Нұрлан Нығматуллинге бұйырды. »»»

Өшіріліп бара жатқан тарих

Орташа рейтинг : 5.00 Қайдан 2 Дауыстар
20 Қаңтар, 2012 12:50 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 28

Үкіметтің ұйғарымымен Алматыдағы 35 тарихи және ғылыми маңызға ие ғимараттар мемлекеттік мәртебеден айрылып, базарға сатуға шығарылмақ. Нақтырақ айтқанда, бұл ғимараттар сатылып кеткен. Шенеуніктер тек саудаларын заңдастырып жатыр. »»»

Заңсыз шерудің құны

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
20 Қаңтар, 2012 12:22 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 25

Оппозиция белсенділеріне заңсыз шеру ұйымдастырғандары үшін айппұл салынды. Алматы қаласының әкімшілік істерді қарайтын соты шығарған шешімге сай жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы төрағалары Жармаған Тяұқбай мен Болат Әбілов 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады. »»»

Жаңаөзендегі комендаттық сағатты тоқтатуға болады

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
20 Қаңтар, 2012 12:16 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 23

Бүгін Маңғыстау облысы әкімі Бауыржан Мұхамеджанов осындай ұсыныс-мәлімдеме жасады. Әкімнің мәлімдемесіне қарағанда, қазір Жаңаөзенде тыныштық орнаған. Қалада бүкіл мемлекеттік органдар, қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын жасап жатыр. »»»

4-ші сайланған парламент соңғы отырысын өткізді

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
20 Қаңтар, 2012 12:12 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 14

Бүгін тарихи күн! 4-і сайланған парламент соңғы отырысын өткізді. Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес, парламенттің өкілеттілігі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімімен есептеледі. »»»

Жаңа туған балаға берілетін жәрдемақы мөлшері қанша болуы керек?

Орташа рейтинг : 5.75 Қайдан 4 Дауыстар
20 Қаңтар, 2012 12:07 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 53

Жаңа туған балаға бір реттік 1,5 млн. немесе 2 млн. теңге көлемінде жәрдемақы беру керек. Бүгінде мемлекеттің бұл қаражатты көтеретін қауқары жетерлік. Сенатор Ғани Қасымов жалпы отырыста «Ананы қорғау туралы 1952 жылғы конвенцияны қайта қарау туралы конфенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында осылай деп ұсыныс жасады. »»»

Жоғары сот төрағасы парақор судьялар үшін қазақстандықтардан кешірім сүрады

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
19 Қаңтар, 2012 11:34 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 28

Жоғарғы сот төрағасы парақор судьялар үшін, сот жүйесіндегі кемшіліктер үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Парламент Сенатының жалпы отырысында судьялар мәртебесі туралы заң жобасы қаралған болатын. Осы құжатқа сай, судьялардың құзыреті талқыланды. »»»

Алаяқ құрықталды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
19 Қаңтар, 2012 11:33 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 18

Тараз қаласының 57 жастағы тұрғыны өзін Президент әкімшілігінің тапсырмасын орындаушы ретінде таныстырып, бірқатар компанияларды алдап соққан. Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз маслихатында белгілі болғандай. Алаяқ Президент әкімшілігіненмін деп, өткен жылы Өскемендегі ЖШС шотынан 10 млн. теңге ақшалай қаражат алған. »»»

"Желтоқсан" оқиғасына қатысушыларға мерейтойлық медальдар табыс етілді

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
19 Қаңтар, 2012 10:36 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 15

Егемендіктің ірге тасы қаланған Алматыда Ел басының жарлығымен тағыда 83 желтоқсаншының төсіне мерейтойлық медаль тағылды. Қылышынан қан тамған кеңестік жүйеге қарсы алаңға атойлап шыққан арулардың бірі - Гүлнар Байбосынова. »»»

Патриоттар шағымы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
19 Қаңтар, 2012 10:27 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 15

200 мың дауысымыз өзге ұйымның еншісінде кетті. Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов осылай деп шамданды. Сенатор Бас прокуратураға шағым түсіріп, Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерін қайта тексеруді талап етіп отыр. »»»

Партия жолы

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
19 Қаңтар, 2012 10:24 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 15

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы сайлауды сынаған шетелдік сарапшыларды келесі сайлауларға шақырмаймыз деп мәлімдеді. Сөйтіп, ендігі саяси додаларды бақылауға Елбасы сөзімен айтқанда "ешкімнің тапсырысын орындамайтындар" ғана келетін болды. »»»

Парламенттік сайлаудың түпкілікті нәтижесі

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
18 Қаңтар, 2012 12:00 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 21

Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың түпкілікті нәтижесін жариялады. Осыған сәйкес, парламентке өткен үш партияға депутаттық орындар бөлініп берілді.НұрОтан партиясы 83 депутаттық мандат, Ақжол 7 мандат ал Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы 7 мандатты қанжығасына байлады. »»»

Техникалық байқаудың жаңа жүйесі

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
18 Қаңтар, 2012 11:59 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 15

Енді автокөлікті жол полициясы емес, жекменшік техникалық байқау орталықтары тексеруден өткізуде. Жаңа жылдан бастап көлікті техникалық бақылаудан өткізу қызметі жол полициясынан жекменшік секторға берілді. »»»

Сайлау қорытындылары

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
17 Қаңтар, 2012 12:19 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 20

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала ресми деректері бойынша, парламентке үш партия : «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан Комунистер Партиясы өтеді. Кешегі өткен сайлауда Нұр Отан - 80,74%, Патриоттар партиясы - 0,89%, Ақ жол - 7,46%, ЖСДП - 1,59%, ҚКХП - 7,2%, «Ауыл» - 1,46%, «Әділет» - 0,66%» дауыс жинаған. »»»

Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан 9 үміткер Парламент Мәжілісіне сайланды

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
17 Қаңтар, 2012 12:15 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 19

Қазақстан халқы Ассамбелясы Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді сайлауға арналған кезектен тыс 18-і сессисясын өткізді. Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, ассамбелядан ұсынылған мәжіліс депутаттарына үміткерлерге дауыс берді. »»»

Күтілген жеңіс

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
17 Қаңтар, 2012 10:32 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 23

«Нұр Отан» жеңді! Бүгін билік партиясының мүшелері саяси доданың ресми нәтижесін күтпей-ақ, сенімді түрде жеңістерін атап өтті. Орталық сайлау комиссиясына сенсеңіз, "Нұр отанның" қоржынында 80 пайыз. Ал, алматылықтардың берген дауыстарының да 70 пайызы "Нұр Отанның" дорбасына түскен. »»»

Жаңөзендіктердің 70 пайызы Нұр Отан үшін дауыс берді

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
17 Қаңтар, 2012 10:31 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 13

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс XVIII сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Елбасы "Бұл көрсеткіш Жаңаөзендегі қарапайым халықтың шын ұстанымын көрсетіп, 17 адам қаза тапқан 16 желтоқсандағы оқиғаны өз мүддесіне пайдаланбақ болған кей ұйымдарды жерге қаратты",- дейді. »»»

Сайлау қорытындысы

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
17 Қаңтар, 2012 10:29 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 21

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс өткен мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысын жария етті. Мәліметтерге сенсек, сайлаушылардың сексен бүтін, жүзден 74 пайызы Нұротанға дауыс беріпті. Ал, жеті пайыздық мөлшерден асқан екі-ақ партия- «Ақ жол» мен Қазақстан коммунистер партиясы. »»»

"Ассамблеялық" сайлау

Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 5 Дауыстар
16 Қаңтар, 2012 15:25 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 17

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Парламент Мәжілісіне Қазақстан Халықтар Ассамблеясы тарапынан сайланатын депутаттарға дауыс беру уақытын белгіледі. «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 13 және 38 баптарына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Ассамблеядан ұсынылып отырған депутаттарды сайлауды 2012 жылдың 16 қаңтарына белгіледі. »»»

Ақжолдықтар өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмысының нәтижесіне дән риза

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
16 Қаңтар, 2012 15:24 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 13

Партия көшбасшысы Азат Перуашевтың айтуынша, бір ай жүргізілген үгіт-насихат жұмысы барысында Ақжол партиясының республика бойынша 77 үгіт-насихат билбордтары ілініп, 3 млн ақпараттық материалдары таратылып, еліміздің ірі 14 қаласының көшелеріндегі 37 экранда үгіт жұмысы көрсетілген. »»»

Мешіттегі өрт

Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 1 Дауыстар
16 Қаңтар, 2012 15:21 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]
Қаралымдар: 21

Елордалықтар саяси таңдау жасап, сайлауға барып дауыс беріп жатқанда. Астананың сол жағалауында бой көтерген «Хазірет Сұлтан» мешітінде өрт шықты деген хабар келіп түсті. БАҚ өкілдері басып ұрып аталған мешітке аз уақыттың ішінде жиналды. »»»

Таксилік чек

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
16 Қаңтар, 2012 11:11 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 12

Құқыңызды қорғаңыз. Көлік және коммуникация министрлігі жолаушы тасымалдаумен айналысатын такси жүргізуішелерін жазалауға қауқарсыз. Сондықтан бұл міндетті әр тұтынушыға артып отыр. Шенеуніктер, "Транспорт туралы" заңда әр жүргіушіден чек талап ету анық көрсетілген. »»»

Сайлау қарсаңында

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
16 Қаңтар, 2012 11:08 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 12

Халық күткен , қалаулылар қатарын анықтайтын 15 қаңтар жақындаған сайын, қалалық сайлау комиссиясының да жұмысы қызды. Комиссия - Шаһарамыздағы аумақтық сайлау бөлімшелерінің соңғы дайындықтарын пысықтап, сайлау учаскелеріне бюлеттендер үлестірді. »»»

Ұлтын "қазақ" деп өзгертіп, оралмандық алған тағы бір қытайлық азамат анықталды

Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар
13 Қаңтар, 2012 10:45 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 25

Қырықтың қырқасына шыққан Керім Біләл тегін үй мен квота алып үлгеріпті. Заң орындары оның құжаттарды бұрмалағанына көз жеткізіпті. Тақырыпты Руслан Меделбек тарқатады »»»

КСРО халық әртісі Күляш Байсейітованың туғанына 100 жыл

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
13 Қаңтар, 2012 10:33 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 25

«Қазақтың әнші бұлбұлына» бір ғасыр. Бүгін қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері - Күләш Бәйсейітованың дүниеге келген күні. »»»

Өлмейтұғын артына із қалдырған

Орташа рейтинг : 1.50 Қайдан 2 Дауыстар
13 Қаңтар, 2012 10:30 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 25

Алмас қылыш өз мойнымды кескелі тұр.... Кезінде Көшпенділер трилогиясының авторы Есенберлин өстіп күрсінген еді. Қазақ тарихын қағазға түсіргені үшін қуғын көрген қаламгерді сонда тек Дінмұхаммед Ахметұлының даналығы аман сақтап қалыпты. Көзкөргендер мұндай мысалдарды мыңдап келтіруге болады дейді. »»»

Өнегелі ғұмыр

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
13 Қаңтар, 2012 10:25 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 20

Қонаев елге қиын кезеңде басшылық етті. Орталықтың зымиан саясаты тілімізге ата дінімізге қатер төндірді. Семейде дүрсін дүрсін бомбалар жарылды. Қасірет жанын жеген қазақтың көз жасындай болып Арал суала бастады. Осынша ауыртпалыққа қарамастан Димекең елдегі өндірісті өркендетті, ғылым мен білімнің дамуына ықпал жасады. »»»

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл

Орташа рейтинг : 8.00 Қайдан 5 Дауыстар
13 Қаңтар, 2012 10:16 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 78

Бүгін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Заңғар тұлғаның өмірге келгеніне тура 100 жыл. Осығамн орай Алматыда ірі шаралар өткізілді. Қала басшылығы Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойса, зиялы қауым өкілдері Димекең аруағына бағыштап ас берді. Сондай-ақ Димаш Ахметұлының өзі тұрған үйі бүгін ресми түрде мұражайға айналды. »»»

Сенаторлық шешім

Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар
12 Қаңтар, 2012 12:33 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]
Қаралымдар: 13

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерін еркелетудің керегі жоқ. «Арнайы мемлекеттік органдар туралы» заң жобасын мақұлдаған сенаторлар бүгін осындай тоқтамға келді. Ал, «Самұрық Қазына» қорының мемлекеттік бақылауды азайту туралы өтінішін мақұлдап жіберді. »»»

Стр. 1 из 337  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10  11  >  »



арнасы бойынша сұрыптау тәртібімен
йога Get Great Recipes: easy recipe
Great promotion Paris escorts girl here. | Only good life escort France right here.
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.5293 & 9 Сұрау