Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Биылғы қуаңшылықтың зардаптары біртіндеп біліне бастады. Желаев астық өнімдері комбинатына тапсырылған бидайдың көлемі былтырғыдан бес есе аз. Биылғы қуаңшылық батысқазақстандық шаруаларды әбден сарсаңға түсірді. Биыл егістік алқаптың 60 пайызға жуығы күйіп кеткен. »»»
Биыл облысымыз астықтан тарықпайды! Қазір облыс қоймаларына 104 мың тонна бидай жиналған. Сары алтындай сақталған бидай өнімінің жартысына жуығы еліміздің солтүстік өңірлерінен жеткізіліпті. Сондықтан, сарапшы мамандар биылғы қуаншылыққа қарамастан облыстағы нан бағасы сол қалпында қалады деп отыр. »»»
Нарықтық экономика заманында бағалы қағаздар нарығын білейтіндер кемде-кем. Алайда, пайда табудың бұл түрі біздің елімізде әлі де жетіле қоймаған. Осыған орай халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша елімізде арнайы бағдарлама да жұмыс істеуде. »»»
Биыл облысымыздағы қамбаларға түсер бидай көлемі жылдағыдан аз болып отыр. Егін жинау науқаны басталғалы бері Желаев астық өнімдері комбинатына бар жоғы 3 600 тонна бидай жеткізілген. Комбинат қызметкерлері бұрын мұндай мөлшерді бір күн ішінде қабылдағандықтарын айтып отыр. »»»
Облысымызда күздік бидай ору жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге орташа өнімділік гектарына 9 центнерден айналып отыр. Ал агротехнологияны мығым ұстанатын белді шаруашылықтарда күздік бидай 10-15 центнерден беруде. Бірқатар майлы дақылдарды ору да басталды. »»»
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жайынан көптеген кәсіпкерлер хабарсыз. Мұның себебін, алдымен насихат жұмыстарының нашарлығынан іздеуге болады. Осы олқылықты ретке келтірмек болған нұротандықтан кезекті акцияны қолға алды. Бүгін осы бағдарламаны түсіндіру мақсатында "Нұр Отан" партиясы "ашық есік күні" шарасын өткізді. »»»
Астыртын мұнай өндіру
16 Шілде, 2010 16:58 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 34
Миллиондаған тонна астыртын мұнай. Қазақстанның қаржы полициясы Теңізшевройл компаниясын закңсыз мұнай өндіріп жатыр деп айыптады. Полицейлердің айтуынша шет елдік компания сегіз жылдан бері рұқсатсыз м ұнай өндіріп келеді. Тексеру көрсеткендей, 2002 жылдан бері мұнайөндірушілер өз учаскесінен тыс жерде бұрғылау жүргізіп келген. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Мұнай экспорттаудан түсетін табыс
15 Шілде, 2010 15:53 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 45
Қазақстандық бюджет шикі экспортқа шығарылатын мұнай мен мұнайөнімдеріне қойылатын кедендік баш салығының арқасында қосымша 60 млрд. теңге табыс табатын болады. Ашық және қара түсті мұнай өнімдеріне қойылатын баж салығының көлемі - тоннасына 99 доллар 71 ценрт және 66 доллар 47 цент. Тақырып бойынша бейне материал бар. »»»
Үшінші экономикалық форум
2 Шілде, 2010 15:04 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 65
Ғаламдық экономикаға жаңа ғаламдық валюта керек. Тиімді валюта құру керектігі жөнінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Астанада үшінші экономикалық форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Елбасы "қаржылық институттардың басшыларының қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілігін күшейту керектігін" айт ты. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Банк қызметкерлері еуро тұрақтылығына сенбейді. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде нақтылғандай, еуроның құлдырау көрінісі тағы бір жылға созылады. Сондықтан бірден бірнеше ел Еуроодақ мүшелігінен бас тартуы мүмкін. Қаржыгерлер арасында жүргізілген сұрақ жауап бойынша олардың жартысы осындай пікірде. »»»
Мексика шығанағындағы апаттан кейін Каспийдегі мұнай-бұрғылау жұмыстары қатаң бақылауға алынды. Мұнайдың бір тамшысын да, теңізге тамызбау үшін инвесторларға қойылатын талап күшейтілді. Бұл жайында бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов мәлімдеді. »»»
Жаңа экономикалық өрлеуге толы жаңа онжылдық - Қазақстанның тың мүмкіндіктері болмақ. Елбасы жолдауындағы елдің экономикалық өрлеу мақсатында атқарар бірқатар міндеттерін мемлекет басшысы міндет ретінде атап өткенін білеміз. Бүгін сондай маңызды нысандардың бірі газ турбиналық стансаның бірінші блогы іске қосылды. »»»
Жоғарғы заң шығарушы орган депутаттары да,Үкіметтің 60 млд теңгені игере алмауын қатты сынға алды. Себебі қазына қаржысының тиімсіз жұмсалуынан мемлекеттік бағдарламалардың біразы аяқсыз қалған. »»»
Қазақстан экономикасының локомотивтері
18 Маусым, 2010 13:46 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 61
Тау-металлургия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, химия, формацевтика және машинажасау. Қазақстан экономикасының басты локомотивтері белгіленді. Жақын бес жылда осы салаларға еркше көңіл бөлінетін болады. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Есеп комитеті тағы да ірі көлемдегі игерілмеген бюджет қаржысын анықтады
18 Маусым, 2010 13:44 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 51
60 миллиард теңге банк шоттарында құры бекерге жатыр. Ал талай мектеп пен ауруханалардың құрылысы қаржы тапшылығынан бітпей тұр. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Инфляциялық болжам
15 Маусым, 2010 15:08 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 68
Қазқстанда инфляция деңгейі жыл қорытындысы бойынша жоспарланған дәлізден - 6-8 пайыз көлемінен шықпайды. Бұл жөнінде статистикалық агенттік мәлім етті.
Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Оңтүстікте электр трансформаторларын қолды ету тыйылмай-ақ қойды
Самал 1, 2 ша қойылған 7 бірдей трансфарматордың құрал жабдықтары ұрланған. Жарық желілерін жүргізумен айналысып жатқан ЮжКазЭнергоремонт ЖШС енді не істерін білмей жүр. Өткен жылы тап осындай 9 оқиға орын алған дейді олар. »»»
Астана - Қазақстандағы ең қауіпсіз қала.
8 Маусым, 2010 14:28 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 57
Бұл жөнінде бүгін инвесторларға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті. Қалада "Астана Инвест 2010" халықаралық форумы басталды. Астана өзінің қауіпсіздігімен ғана емес, жеңіл салықтарымен де тартымды бола түсуде. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
2009 жылы ел бюджетінің 60 миллиард теңгесі игерілмеген
4 Маусым, 2010 12:53 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 66
Бүгін Астанада мәжілісмендер қаржы мәселесін талқылады. Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мемлекеттік компанияларды жеңіл жолмен табыс табатындықтарымен айыптады. Олар депозит арқылы табыс табады, ал артық қаржыны экономикаға салуға асығар емес. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Күні бүгін облысымызда 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалардың жалпы құны 3 млрд.теңгеге жуықтайды. Бұл оңды бастамалар арқылы 300-ден астам жұмыс орны ашылмақшы. Өңірімізге іссапармен келген "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков осы жұмыстардың атқарылу барысымен танысты. »»»
Биыл төрт жылға жоспарланған индустриалды - инновациялық бағдарлама аясында 144 жоба іске қосылады. Алдын-ала есеп бойынша осы бағдарламаны жүзеге асырудан экономикаға келетін пайда бес жылда 7 трлн. теңгеден асуы тиіс. Бірақ, үлкен ауқымды жобаны тығырыққа тіреп тұрған проблемалар да жоқ емес. »»»
Индустриалды стратегия
18 Мам., 2010 13:37 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 81
Индустрия және жаңа технология министрі Әсет Иекешов депутаттар алдында елдің алдағы 5 жылдықта өнеркәсіптік даму жолдары бойынша баяндама жасады. Алайда мәжілісмендер демалыстан кейін жұмысқа онша дайын болмай шықты. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы іске асырыла бастады. Ауқымды жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 30 млд теңге бөлінді. Отандық кәсіпкерлерге мемлекет арзандатылған несие беруді бастап та кетті. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Көктемгі егіс салу жұмыстарына элеваторлар сақадай сай тұр
Ал алдағы уақытта қазақ астығын экспортқа шығару екі еселенбекші. Бұл туралы бүгін Сенаттың қаржы және бюджеттің орындалуын қадағалау комитетінің алдында есеп берген «Қазагро» ұлттық АҚ басқарма төрағасы мәлімдеді. »»»
Экономикадағы оң өзгерістер
21 Сәуір, 2010 14:46 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 120
Қазақстан Үкіметі 2010 жылдың бірінші тоқсанының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды. Экономикалық ведомства және ұлттық банк жетекшілерінің есебіне қарағанда экономикада оң нәтижелер байқалады. Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жергілікті басылымдардың бірінде жарық көрген мақаланы теріске шығарды. Әкімнің сөзінше, мұнда келтірілген деректер бұрмаланып қате көрсетілген. Газетте басылған мақалада Жымпиты-Қаратөбе газ құбырының жобасы қымбаттап, айырмашылық 2 млн.600 мың долларға жеткені айтылыпты. »»»
Бірер күнде облысымыз көктемгі егістік-далалық жұмыстарға кіріспек. Бұл үшін мемлекеттен арнайы тұқым қоры беріліп, шаруаларға жанар-жағар май қоры да бөлінуде. Бірақ, бөлінген дизельдік отынды ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпесі үшін не істеу керек? »»»
Ісі өрге баспай, тығырыққа тірелген серіктестіктерге көмек көрсетілмек. Қаржылық дағдарыстан шығар жол таба алмаған компанияларға мемлекеттің қол ұшын созуы мүмкін. Оралдық кәсіпорындардың көңілінен шыққан бұл мәселе облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінде талқыға түсті. »»»
Батыс Қазақстан облысы көктемгі далалық жұмыстарға әзір. Биыл облыс диқандары 504 мың гектар алқап түрен салуды көздеп отыр. Әдеттегідей, астықты аймақтар ішінен Зеленов, Теректі, Тасқала мен Сырым аудандары көш бастап тұр. Ал оңтүстік өңірлерде мал азығы дайындалатын болады. »»»
Қазақстанда "Әл хилал" (Al Xilal) тұңғыш ислам банкінің филиалы ашылады. Биылғы жылдың өзінде банк елімізге 200-250 млн. долларға дейін инвестиция құюды көздеп отыр. »»»
Қаржылық дағдарыс қыспағында қалған кәсіпкерлерге мемлекет қол ұшын созбақ. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы осы сөзімізге дәлел. Бүгінде, бұл бастама егжей-тегжейлі сарапталып, талқыға түсуде. "Атамекен одағы" ҰЭП оралдық өкілдігінде бас қосқан кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілер бұл бағдарламаның олқы тұстарын да кеңесті. »»»
Бюджеттен бөлінген ақша шашау шықпай, тиісті мақсаттарға жұмсалуын Үкімет қатаң қадағалауы тиіс. Әйтпесе, қазынаның қыруар қаржысы «ұстағанның қолы», мен «тістегеннің аузында» кетуде,- деп Мәжілісмендер алаңдаушылық танытып отыр. »»»
Биыл Батыс Қазақстан облысында бизнесті қолдауға 150 млн.тг қаражат бөлініп отыр
Қомақты қаражат ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы таратылады. Кәсіпкерлерге демеу ретінде арналған қаржы төмен пайыздық өсіммен беріледі. Бұл істің басы-қасында жүргендер 9,5% несиені кәсіпкерлер үшін тиімді деп отыр. »»»
Үкімет басшысы Парламент депутаттарынан бюджет ақшасының жұмсалуын қадағалауды сұрап отыр
Әсіресе, алдағы бес жылға жоспарланған үдемелі индустриалды - инновациялық бағдарламаға бөлінетін қыруар қаржыны. Өйткені, оның көлемі де қомақты. 146 млд. теңге. Бүгін Премьер Кәрім Мәсімов «Нұр-Отан» партиясы фракциясы депутаттарының алдында бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты олардың қолдауын алды. »»»
Көңілді отырыстың ақыры
26 Ақпан, 2010 09:22 [, ] Қаралымдар: 251
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық сот мас күйінде адам өлтірген азаматшаны 7 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тексеру барысында анықталғандай, азаматша Ефремова өз пәтерінде тұратын азаматпен және одан өзге екі танысымен арақ ішкен. »»»
Орал қаласының биылғы бюджеті 15 млрд. 533 млн. теңгені құрады
Бүгін Орал қалалық Мәслихатының кезектен тыс 26-сессиясы өтті. Бұл сессияда жергілікті халық қалаулылары шаһар бюджетін нақтылап, бекітті. Осылайша, Орал қаласының биылғы бюджеті 15 млрд. 533 млн. тг құрап отыр. Өткен жылдың бюджеті 99% орындалғанына риза депутаттар жылдың соңына дейін қомақты қаражаттың мақсатты игерілетініне сенімді. »»»
Үкімет Қазақстанның таяудағы бес жылға арналған серпінді индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі бағдарламаны қабылдады
Бүгінде бұл бағдарлама қабылданып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді. Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтің мәліметінше, бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан 2014-жылы үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. »»»
Биыл Батыс Қазақстан облысында дәнді дақылдардың егістік алқабы 574 мың гектарды құрамақ
Бұл егістік алқаптың 70 мың гектарына күздік бидай себіледі. Ал 504 мың гектар жаздық дақылдарға арналмақ. Соның ішінде 369 мың гектарға жаздық бидай егілмекші. Майлы дақыл көлемі 42 мың гектарды құраса, соның 26,6 мыңы күнбағыстың үлесінде. »»»
Енді Үкімет 2020-жылға арналған шағын және орта бизнестің Жол картасын талқылауға кірісті. Осы бағдарлама аясында бизнесмендерге берілетін несиеде жеңілдіктер ақарстырылған. »»»
"Жинақ банкі" Акционерлік қоғамының еншілес банкі мен "Батыс-Самал" компаниясы тобы өзара мәмілеге келді. Бүгін бекітілген бас келісім құжатына сай енді "Жинақ банкі" мен оралдық компания бірлесе жұмыс жасайтын болады. Бүгінде еліміз бойынша оннан астам өзінің филиалын ашып үлгірген Жинақ банкі қаламызда жаңа ғимаратын ашып, пайдалануға берді. »»»
Қазақстаннан жеке тұлғалар 2009 жылы шетелдерге 1 млрд. астам доллар жіберген. Бұл азаматтар қолындағы ақшасын көрші Қытай еліне аударуда. Дегенмен, дағдарыстың екі жылында Қазақстанға жеке адамдардың жіберген ақша аударымдары шамамен 3 есе, ал Қазақстаннан жіберілгені - 2 есе азайған. »»»
Бүгін өткен үкімет отырысында министрлер кабинетінің мүшелері Қазақстанды 2020-жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті. »»»
Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасын қайта қарамайды
Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті. "Келесі айда тұтыным нарығындағы ахуал тұрақтанады және біз инфляцияның іргелі факторларының ықпалы шектеулі болады деп пайымдаймыз,- деді Г.Марченко7 »»»
Есеп комитетінің ұсынысы
8 Ақпан, 2010 15:49 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 143
Есеп комитеті бюджеттік қаржыны жөн-жосықсыз жұмсаған ұлттық компаниялардың менеджерлерінің сыйақыларын мемлекетке өндіруді ұсынуда. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Үкімет басшысы қатысқан алқалы отырыс өтті.
Тақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Батыс Қазақстан облысында көктемгі далалық жұмыстарға дайындық басталуда
Қазіргі таңда республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлініп, атқарылар жұмыстардың басты бағыттары белгіленді. Жылдағыдай мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінер субсидия көлемі де кемімеген. »»»
2009 жылы Батыс Қазақстан облысы экономикасына 238 млрд. теңге инвестиция жұмсалды
Облысымызда шетелдік инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы облыс экономикасына 238 млрд. теңге инвестиция түскен, соның 60 пайыздан астамын шетелдік қаржы құрайды. Бұрынғы келісім бойынша Қарашығанақ жобасына қатысушы компаниялардан жыл сайын әлеуметтік бағытқа 10 млн. доллар алынып келсе, енді олар жылына 20 млн. доллар бөлетін болды. »»»
Министрліктің алдында үлкен міндеттер тұр. Оның ішіндегі ең бастысы - Елбасының алдағы он жылға жоспарлаған экономикалық даму стратегиясын іске асыру. Сондықтан ақпан айының аяғына таман Парламентте 2010-2012 жылдарға арналған бюджет тағы бір сүзгіден өтеді. »»»
Табысты жаппай мағлұмдау
5 Ақпан, 2010 13:59 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы] Қаралымдар: 128
Қазақстан Үкіметі тағы да табысты мағлұмдау мәселесін көтерді. Оны енгізу кейбір себептермен екі рет кейінге қалдырылған болатын. Енді қазақстандықтар 2013 жылдан бастап өз мүліктері туралы есеп беретін болады. Сарапшылардың айтуынша жаппай мағлұмдау әсіресе шенеуніктірге соққы болып тиетін болады. Т ақырып бойынша бейнематериал бар. »»»
Қазақстанда бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын 1-сәуірден арттыру үшін жалпы алғанда 150 млрд теңге керек, - деді республиканың еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Гүлшара Әбдіхалықова. »»»
Ұлттық қордан бюджетке 8 млрд. АҚШ доллары бөлінбек
Ел Президенті Үкіметке алдағы 4 айдың ішінде Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын бекітуге енгізуді тапсырды. Президенттің айтуынша, биылдан бастап республикалық бюджетке берілетін кепілді трансферт көлемі 8 млрд АҚШ долларымен абсолюттік көлемде тұрақты белгіленеді. »»»