Браконьерлік залал

Танымдылық : Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар



Халқымызда "сенген сиырым сен болсаң..." деп басталатын қыжыл бар. Бұл әңгімені қазір облыстық аңшылар қоғамының басшысы Анатолий Найденкоға бағыттасақ артық болмас. Ол бүгінде тыйым салынған жерден аң аулағандығы үшін қылмыстық іс қозғалған күдіктілердің басшысы ретінде көзге түсіп отыр.

Мұздай қаруланған сегіз бірдей браконьер Байғанин ауданының аумағында қабандарды баудай түсіріп жатқан жерлерінде қолға түсті. С.Ә.

Анатолий Найденко күні кешеге дейін орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясына қатысты арызды қарша боратқан лауазым иелерінің бірі болатын. Ал оның ақтөбелік кәсіпкерлермен бірге рұқсат етілмеген аумақта аңшылық құруы инспекторлар үшін күтпеген олжа деуге негіз бар. Бұл дәйекті инспекция қызметкерлері де іштей мойындайды.

((СИНХРОН ХР 00:00:15
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Әнуар БЕРМАҒАМБЕТОВ
ТИТР: орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бөлім бастығы
Бірінші рет))

Қаскөйлер келтірілген шығын екі жарым миллион теңгеден асып жығылады. Бұл — заңсыз өлтірілген он қабанның мемлекет бекіткен бағасы. Осынау әрекет енді браконьерлердің бес жылға дейінгі мерзімге сотталуына да ықпал етуі мүмкін. Қолға түскен кәсіпкерлер бірауыздан басты ұйымдастырушы ретінде қоғам басшысын көрсеткендіктен, Найденко мырзаға оңай соқпай отырғанға ұқсайды. Күдікті аңшылар қоғамына бектілген жерден 100 шақырымдай қашықтықта қолға түскен. Демек, оны жазалауға толық негіз бар. Мұны қылмыстық кодекстің 288-бабы шегелейді.

((СИНХРОН ХР 00:00:15
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Әнуар БЕРМАҒАМБЕТОВ
ТИТР: орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бөлім бастығы
Бірінші рет))

Қылмыскерлерді ауыздықтауға атсалысқан табиғатты қорғау прокуратурасы мен Байғанин аудандық ішкі істер бөлімі. Соңғы аталған орган күдіктілердің жол талғамайтын екі бірдей "Урал" автокөлігі мен бес мылтығын тәркілеген. Инспекторлардың айтуынша, дала қабанын арнайы бекітілген аумақта тек жаяулатып қана аулуға рұқсат. Биылдың өзінде аң аулау ережесін бұзуға байланысты жүзден аса әкімшілік пен бес қылмыстық іс тіркелген.