Бұл туралы Астанада өткен исламдық қаржыландыру жөніндегі конференцияда белгілі болды. Банк жыл сайын экономиканы ивестициялауды арттыруды жоспарлап отыр. Корпоративтік секторға - өнеркәсіптік және тау-кен саласына қатысуды көздейді. Сонымен бірге Ислам банкінің жоспарына көлік жолдары құрылыстарының жобаларын қаржыландыру да енгізілген. Бұл жоспарлар мемлекеттік және жекеменшік секторларымен серіктестік қатынаста іске асатын болады.
Ислам Банкі Біріккен Араб әмірлігі мен Қазақстан Республикасы екі ел арасындағы халықаралақ деңгейдегі келісім бойынша құрылған болатын. Ислам банк жүйесін елімізде дамыту үшін республиканың заңнамасына өзгерістер енгізілді.
СНХ: Прасад АБРАХАМ
Al Xilal Bank ҚР тұңғыш ислам банкі басқармасының төрағасы
...Біз министрліктерде кейбір мемлекеттік қызметкерлермен, клиенттермен кездесе бастадық. Әзірше қандай да бір шешімдер туралы айту ертерек, лицензия алудың ісі жүріп жатыр.